Астананың ерекше ғимараттарына келсек,бүгінгі күнге дейін 1428 нысан бой көтерген.Соңғы 20 жылда қаланың ЖІӨ-і 190 есе өсіп 5 триллион теңгені құрап отыр. Ал өнеркәсіптік өнім көлемі 30 есеге артса, жалпы инвестициялардың жылдық көрсеткіші 44 есеге өсіп 858,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл жайлы толығырақ елордамыздың 20 жылдығына арнайы дайындалған «Қоғамдағы үш анық» айдарынан таныса аласыздар.
Өзіндік көркем архитектурасымен ерекшеленетін жасампаз астанамызға бүгін 20 жыл толып отыр. Оның ерекшелігі- шығыстың талғамы мен еуропалық үлгіге сай ғимараттарымыздың әсемдігінде. Осынау сәулетімен күллі әлемді тамсандырған астанамызды тамашалауға әр елден ағылған туристердің саны да жыл сайын өсіп отыр. Алыстан ат арылтып, мұхит асып келетін шет елдік меймандарымызды қазақтың ұлттық құндылықтары мен небәрі 20 жылда тұрғызылған қала көркі таңқалдырары анық. Әрине бұл жерде, сонау астана Астана болған кездегі оның сәулеті мен дәулеті жарасқан құрылысын жоспарлау, оңайға түспегеніне, жеке тоқталып кеткеніміз жөн. Ал оны іске асыруға алғашында 50 млн доллар қаржы бөлінгені де, ел қазынасына салмақ болғаны белгілі. Сол қаражатқа жасалатын іс, нәтижелі болуы үшін сол кезеңде әлемдік сәулетшілердің жобаларына байқау жарияланды. Бұл жерде шетел сәулетшілерінен - Норман Фостер мен Манфреди Николеттидің қосқан үлесін айтуға болады.Олардың тың идеяларын жүзеге асыруға жергілікті қала құрылысы мамандарының көмегі қосылды. Ал бүгінде сол сәулет дәстүрін ел сәулетшілерінің жаңа толқыны жалғастырып отырғандығы үлкен жетістік.
Бұл -қаланың сәулеті. Сәулетін құру арқылы елорда экономикасының әлеуеті де қарыштап көтерілді. Елордамызға ел ертеңіне сенген өзге мемлекеттерімізден миллиардтаған инвестициялар тартылды. Жыл сайын түрлі халықаралық форумдар арқылы әлемдік күрмеулі істердің шешімін шығаратын бизнес әлемінің гүлденуіне ортақ ісімен үлесін қоса білетін салиқалы ордаға айналды. Қысқасы, Елордамыз өзге мемлекеттерге үлгі болар, оның ішінде еліміздің басқа қалаларының дамуына ұйытқы болған бас қалаға айналды. Бүгінде қанатын 80 мың гектарға жуық аймаққа жайып жатқан Астанамыздың халқы 1 миллионнан асады.
Ал ерекше ғимараттарына келсек,бүгінгі күнге дейін 1428 нысан бой көтерген.Соңғы 20 жылда қаланың ЖІӨ-і 190 есе өсіп 5 триллион теңгені құрап отыр. Ал өнеркәсіптік өнім көлемі 30 есеге артса, жалпы инвестициялардың жылдық көресткіші 44 есеге өсіп 858,7 млрд теңгені құраған. Оған қоса орта және шағын бизнестің аясында жұмыспен қамтылғандардың саны да 20 пайызға артқан. Сондай-ақ, туристік орталыққа айналған елордада 40 –қа жуық қонақ үйлер қызмет көрсетсе,бұл салада 3000 нан астам жаңа жұмыс орны ашылды.Туризм елдің дамуына бірден-бір үлкен септігін тигізер сала десек, оның аясында арнайы стратегия да әзірленген болатын. Оның негізгі мақсаты- 2020 жылға дейін туристер санын 2 млн- ға жеткізу. Ал білім ордасы ретінде шамаласақ, елордадағы жоғары оқу орындарының саны да үш есе көбейген. Осы жылдар ішінде жаңа жұмыс орындарымен қамтылған астаналықтар саны 136 мыңнан 466 мыңға дейін өскен.
Елорданы дамытудың жоспарында, әсіресе, әлеуметтік салаға айрықша маңыз берілгендігін аңғарамыз. Соның ішінде медициналық қызмет түрін неғұрлым қолжетімді ету ісінің нәтижесінде, бүгінде Астанада 200 ге жуық медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Ендігі міндет – елорданың осы денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық туризмді белсенді дамыту. Бұл ретте кардиохирургия, нейрохирургия мен онкологиялық ауруларды емдеу саласында астана орталықтарының әлеуеті зор екендігін шаһар басшысы Әсет Исекешев баяндаған болатын. Оған қоса, Астана қаласының медициналық кластеріне кіретін клиникалардың, жабдықталуы жағынан әлемдік деңгейде жоғары талаптарға сай екендігі де айтылды. Кластер құрамындағы әрбір клиникада қолданылатын озық технологиялардың арқасында бұрын тек шетелдерде жасалатын күрделі операцияларды қазақстандық дәрігерлеріміз де жасай алатын күнге жетті.Алайда елордамыз әлі де көркейе түсетіні анық. Қала қарқынды дамып, келбеті де түрленіп келе жатқандығы көпке аян. Қоғамдық көліктер туралы айтсақ, олардың саны жылма жыл артып, оған қоса көп ұзамай қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеңіл рельсті трамвай іске қосылмақ.
Ал биылғы астанамыздың 20 жылдығы аясында Алматы және 14 облыс тарапынан «Аймақтардан Астанаға тарту» жобасы іске асырылуда. Аталмыш жоба бойынша тағы да жаңа 10 әлеуметтік нысан салынып, қаланың аудандарын дамытуға ерекше назар аударылмақ. Он нысанның ішінде 240 орындық жаңа балабақша салыну кіргізіліп отыр. Ал жалпы бас шаһардың көркін асырып, таза қала жобасын жүзеге асыруда жаңа саябақтар ашылып, вело жол көпірі салынбақ. Осылайша елім дейтін ел барда, сол ел тұғырының асқақтап дамуына бастайтын Елбасы бар да,мемлекетіміз оның ішінде үлгі болып отырған Астанамыз әдеттегідей күн санап қарыштап өсе беретініне сенім мол. Болашақта да елдің айнасы саналған елордамыз арқылы күллі Қазақстандықтардың азат ойы мен мақсаттары, асқақ армандары іс жүзінде жүзеге асырылатынына сенеміз.
Салтанат Сәдібекқызы