Ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында бауырлас мажар халқы да қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізуде. Екі ел арасындағы қатынас жыл сайын дамып келеді. Соңғы жылдары тек рухани-мәдени ғана емес, экономикалық байланыстар да нығаюда,-дейді Qazir үшін Венгриядан отандастар тілегін жеткізген Жанар Мақсұтқызы.
Соңғы жылы Қазақстан мен Мажар елі арасындағы тауар айналымы 350 миллион АҚШ долларына жеткен. Одан бөлек, тамыз айында Мажарстанда «Тұран» түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайы өтті. Білім саласындағы байланыстар да жоқ емес. Венгрия жоғары оқу орындарында білім алу үшін биыл 200 қазақстандыққа грант бөлінсе, келесі жылға 250 грант қарастырылып отыр. Мінекей, мұның барлығы- екі ел арасындағы экономикалық, мәдени байланыстың дамуының көрсеткіші. Бұл пікірімізге экономика ғылымдарының докторы, Орталық Еуропа университеті Бизнес мектебінің профессоры Золтан Бузадида қосылады. Оның пікірінше, қазақтың даласы қандай дархан болса, көңілі де сондай кең, мейірімді халық.
Золтан Бузади- Экономика ғылымдарының докторы, Орталық Еуропа университеті Бизнес мектебінің профессоры.
Мен Қазақстан халқын Тәуесіздік мерекесімен құттықтаймын! Соңғы жылдары Қазақстанда сегіз рет болдым. Қазақтар мен жақын араласа келе, өзімнің де сол көшпенділер ұрпағы екенімді, ұлттар арасында тарихи тамырластық барын түсіндім. Содан бері бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс оқыдым. Барлық сапарым- білім-ғылым саласыменбайланысты. Отандастарыңыздың білім мен инновацияға ұмтылысы мені қатты қызықтырады. Соңғы рет Geneva Business School-дың қазақ филиалында Алматы жәнеАстанада сабақ бердім. Мемлекеттіліктің негізі саналатын Тәуелсіздік мерекелеріңіз қарсаңында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Руханижаңғыру» бағдарламасы жөнінде де ой бөліскім келеді. Бұл бағдарлама –ғалым ретінде, маған өтеқ қызықты, тағылым алар тұсы көп. Заманауи қоғамда бәсекеге қабілеттілік және оның құралдары туралы сөз қозғау –өте маңызды. Қазақ көшбасшысы осы бағдарламада ұлттық құндылықтар, ұлттық код сынды маңызды дүниелерді атап көрсеткен. Мен Мажарстандағы қазақтармен де жақсы араласамын. Байқағаным, қазақ жастарының ауызбіршілігі мықты, өте тату халық. Студенттердің ғылыммен сол саладағы ғалымдарға деген құрметі ерекше. Сол үшін де қазақтар батыс әлемінің ғылыми технологиялық дамуынан еш қалып жатқан жоқ, тіпті соған үн қатысып жатқан қазақтар да жетерлік. Сондықтан сіздің жастар мен жұмыс істеу- өте қызықты. Мен өзімді,көшпенділер ұрпағы ретінде, Мажарстанның «Хансұлтанбегі» деп атаймын және осындай еркін, асқақ рухты тегімнің барына мақтанамын.Ел үшін ең жақсы тілек – бұл тәуелсіздіктің баянды болуы. Жан жақтағы ұлы державаларың көшінен қалмай, экономикалық, әлеуметтік бағытта дами беріңіздер, - демекпін. Қазақстан қоғамы тек еңбекқор, білімді, ел ертеңі болар ұрпақ тәрбиелесін, - деген тілек қосқым келеді.
Отанынан жырақта жүргеніне 47 жыл болған Лунара Мулдашева да Қазақ халқына жүрекжарды лебізін жеткізді:
Осыдан 47 жыл бұрын Венгрияға алғаш қоныстанғанмын. Ол кезде, әрине, бәрі басқаша болатын. Қазір мұнда Қазақ диаспорасы бар. Қазақстандық студенттердің бір-бірімен кездесіп, пікір алмасуына, ұлттық құндылығымызды дәріптеп, барымызды көрсетуге мүмкіндік мол. Тіпті кей университеттерде қазақ тілін үйреніп жүрген мажарлар да бар. Біздің ғалымдар түрлі мәдени орталықтар жанынан ашылған курстарда қазақ тілінен дәріс береді. Мұның барлығының негізінде біздер болдық. Отанға деген сағыныш көкірегімізді кернейтіні де рас. Мен ылғи Қазақстан туралы жаңалықтарды тыңдап, елім үшін марқайып, қуанып отырамын. Біздің тəуелсіздігіміздің жарқын жетістіктерінің бірі - əлем елдерімен достық, саяси-экономикалық қарым-қатынас орнатқанымызда. Бүгінде тілімізді, дәстүріміз бен салтымызды сақтап, тегімізді ұрпағымызға танытуға тырысамыз. ОтандастарымаТәуелсіздіктің 27жылдығы құтты болсын, -дегім келеді. Халқымыз аман, елімізтыныш, қашанда береке бірлігіміз арта берсін, -демекпін. Атап өтерлігі, Венгрияда да ұлттық, мемлекеттік мерекелерді ерекше тойлайды. Мәселен, биыл мажар халқына тәуелсіздік әкелген 1956 жылғы революцияның 62 жылдығы аталып өтілді. Венгрияда мемлекеттік деңгейде аталыпөтетін маңыздыүш мерекенің бірі- осы Венгр революциясы күні. Мажарстан əрқашан бауырлас түркіелдері мен жақсықатынаста болып келді. Ал Қазақ елімен байланыс орнату мажарлықтарүшін үлкен мəртебе.
Қайратова Адинай, Будапешт қаласындағы ELTE университетінің студенті.
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Бір ғана сөз, ал сол сөздің ішінде қаншама мағына жатыр. Мен үшінТәуелсіздік күні ең қадірлі күннің бірі болып саналады.1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Міне, биыл тәуелсіздігімізге 27 жыл толады. Қазіргі таңда менің туған жерім әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Өз басым, тәуелсіздіктен кейін туған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік – аспаннан түскен сый емес. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылықты көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы, сол себепті біз жастар, елімізді көркейтуге тырысуымыз керек.
Мен осындай елде туғанымды мақтан етемін! Өйткені қазіргі таңда Мажарстан елінде, яғни Будапешт қаласында білім алып жатырмын. Шынымен, қазір – ғылым мен білімнің заманы! Өйткені ғылым қарыштап, күннен күнге, тіпті секунд сайын даму барысында деп айтсам, өтірік емес. Яғни, кешегі күн мен бүгінгі күнді салыстыру мүмкін емес. Тал бесіктен, жер бесікке дейін іздену – әрбір саналы адамның ұстанған жолы болуы тиіс. Шетелде оқу, білім жетілдіру, тілүйрену көп армандарымның бірі болатын. Мен де еліме өз үлесімді қосып, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, қазақ елінің атын күллі әлемге паш етуді армандаймын.
Мажарстан елінде оқып журген студенттердің атынан қазақ халқының Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаймын! Ынтымағымызжарасқан, бірліктегі ел бола берейік. Бұл– мен сияқты мыңдаған қазақ жастарының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Мажарстан елінен Отандастар тілегін жеткізген : Жанар Мақсұтқызы.