Елім мен тілімнің мерейі үстем болса деймін
Біздің бұл айдарымыздан шет елде жүріп, еліміздің өркениет көшіне ілесуге, дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға қызмет етіп жүрген озық ойлы,бойларында қазақы намысы мен қоса іскерлік қабілеті мен білім-білігі жоғары жандар жайлы жақынырақ танысуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен,алғашқы кейіпкеріміз: Абдур-Рашид Сәкенов.
Регбидің тарланы – Бөкейхан Әли
«Жырақта жүргендер» айдарында Германияның Гейдельберг қаласында тұратын регби тарланы атанған қазақ жігіті жайлы таныса аласыздар.
МҰҢЫ МЕН ШЕРІН ӨЛЕҢГЕ ҒАНА АРНАҒАН
«Жырақта жүргендер» айдарында өзге елде жүрсе де,туған жерінің мерейін үстем етуге бірі білімі мен қажыр-қайратын арнаса,бірі спорт арқылы таныстырып жүрген жандар жайлы баян еттік. Ал бүгін Бельгияда тұрып жатқан ақын ана жайлы сыр шертеміз.
Ерліктің ерен үлгісі
«Айналасына абыройлы, ақ жүзді болғаны абзал. Қарамағындағыларды қандай іске баулыса, ең алдымен соның бәрін өзі меңгеріп алуы шарт. Онсыз беделі болмайды. Командир де ұстаз секілді. Шәкірттерінің жүрек отын жаға білуі керек » Осыдан төрт жыл бұрын оның ерлігі жайлы естіп, ата жұрттағы ағайын батыр ұлының аман-есен сауығып кеткенін тілеген, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Ресейде тұратын қайсар қазақ жайлы «Жырақта жүргендер» айдарынан таныса аласыздар. Ресей Батыры атағын алған қайсар қазақ Серік Сұлтанғабиевпен сыр-сұхбат
Қанатымен су сепкен қарлығаш қыз
Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында Ресей Федерациясы Омбы облысындағы аймақтық «Мөлдір» Сібір мәдени орталығының төрайымы, ҚР мәдениет қайраткері Жүнісова Алтынай Хайдуллақызымен сұхбаттан келер жылы құрылғанына 30 жыл толатын орталықтың атқарып жатқан игі істерімен таныса аласыздар.
Қайыролла Жәлелұлы - моңғол медицинасының атасы
Шет елдерде өмір сүріп жатқан көптеген қандас бауырларымыз баршылық. Олардың арасында биік лауазымға қол жеткізгендері немесе ғылым-білім, кәсіп, медицина саласында танымалдыққа ие болғандары қаншама. Солардың бірі – көзі тірісінде «Моңғол медицинасының атасы» атанған дәрігер-хирург Моңғолияға еңбек сіңірген дәрігер (1990), Моңғолия Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1993), Моңғолия елінің Халық дәрігері (2001), Еңбек Ері (2007), академик (2009) ардагер ақсақал Қайыролла Жәлелұлы.
Жоғарыда жазылған марапаттарға қарап-ақ бұл қазақ дәрігерінің осал адам емес екенін аңғарғандаймыз. Ұлан-батырда тұратын Қайракеңмен онлайн тілдесіп, маңдай терімен моңғол жұртын мойындатқан абыз ақсақалды атажұрттағы ағайындарымен қауыштыру мақсатында аз ғана әңгіме өрбіткен едік. Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында осы әңгімені жариялап отырмыз.
Жанар Көбекбай: Америкада толассыз білім бұлағымен таныстым
Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында Qazir жолдаған сауалдарға АҚШ-тан әріптесіміз Жанар Көбекбай жауап береді. Сонымен мұхиттың арғы жағынан жолданған жазбаларды оқи отырып,ой түйіп көріңіздер...
Шетелдерде оқып жүр талай қазақ баласы...
Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат қаққан жастарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олардың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Бұл туралы бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында арнайы дайындалған журналистік зерттеу материалын ұсынамыз.
"Жырақта жүргендер" айдарының төрт кейіпкері
Qazir осыдан екі ай бұрын сәрсенбі күні ең алғашқы материалы ретінде «Жырақта жүргендер» айдарында бірнеше тілді меңгерген, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, еліміз бойынша Жапонияда экономика саласында магистратура бітірген алғашқы қазақ,бүгінде Гонконгта «КТЖ-Экспресс» компаниясының бас директоры болып қызмет атқарып жүрген Абдур-Рашид Сәкеновпен сұхбатты ұсынған болатын. Кейіпкеріміздің білімі мен біліктілігі,өзіндік көзқарасы мен жан-жақтылығынан болар,сол күннің өзінде-ақ ең көп көрсетілім санымен оқырмандар ілтипатына ие болды. Біз бүгін Qazir сайтына екі ай толған күні тұңғыш оқырманға жол тартқан айдардың оқырмандар тарапынан ең көп көрсетіліммен топ бастаған төрт кейіпкерінің сұхбатынан үзінді жариялауды жөн санадық...
Мұрат Ермиш: Швециядағы «қазақ ауылы» қазақ ұлтын танытып жүр
Біз Мұрат мырзамен Швеция қазақ мәдени орталығының үйінде кездестік.Еуропа қазақтарының бірі-бірімен аңсап көрісетін киелі орны – Швеция қазақ мәдени орталығының үйі. Бұл– қазақ меншігіндегі ғимарат. Күрделі жөндеуден өткен зәулім үй ішінен қазақтың иісі аңқып тұр. Қазақстаннан барған сый-сияпаттар, орталықтың жемісті жұмысын паш еткен түрлі марапаттаулар мен спорт ойындарының кубоктары – бәрі-бәрі осы жерден орын алған. Мұнда бізге, әсіресе, қазақ тілін үйретуге бейімделген бөлмелер ерекше ұнады. Орталықта тіл үйренуге қажеттіліктің бәрі бар. Яғни, Вестерос қазақтары өздерінің жас ұрпағын ана тілінің қадір-қасиетімен сусындата беру үшін қолдан келгендерінің бәрін жасап отыр. Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында орталық басшысы Мұрат Ермишпен сұхбатты ұсынып отырмыз.
Зерттеу мақала. «Диаспора» мәселесі қайтсе шешіледі?
Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында диаспора мәселесі жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Дәурен Ескекбаевтың зерттеу мақаласын ұсынамыз.
Елбасының батасын алған норвегиялық балалар бүгінде ұлтына қызмет етуді мақсат етеді
Еуропаның Скандинавия түбегіндегі Осло қаласында тұратын Махмұт Башташ есімі Қазақстан жұртшылығына көптен таныс. Себебі, ол кісі сондағы қазақ мәдени орталығын басқара жүріп, екі ел арасын байланыстырушы дәнекер болып жүрді. Баспасөз беттерінде де өз ойлары мен пікірлерін айтып, алыстағы қандастар жайын жеткізетін. Бүгінде Норвегияда Махмұт ағаның әулеті тамырын жайып, өсіп өнуде. Бұл туралы толығырақ «Жырақта жүргендер» айдарында.
Жалған патриотизмнен гөрі өскен ортама пайдам тисе деймін...
«Африканы мен таңдаған жоқпын, Африка мені алып кетті, тағдыр табыстырған жарым өзге құрлықтан болған соң қоныс аударуға тура келді. Интернет арқылы танысқан жарым орыс тілді қалыңдық іздепті, ал мен ағылшын тілді ортаға ұмтылдым. Бұл сәті түскен,салтанаты жарасқан, бір естіген құлаққа түрпідей тигенімен, мені тұлғалық даму биіктеріне жетелеген таныстық болды, отбасылық өмір де ешкімдікіне ұқсамайтын өрнегімен ерекше» QAZIR-мен кездескен Жакупова-Вентер Анараның азаматтық қоғам, жауапкершілік және Африка жайындағы ерекше көзқарастары бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында.
Айгерім Кенжебулатова: «Араб әлемін зерттеу арманым болатын»
«Ел-жерді аралап, сапар шегуге деген құлшынысымды оятқан бірден бір адам, ол - әкем болатын. Әкемнің барған сапарлары жайлы әңгімелерін қызыға тыңдайтынмын. Сөйтіп жүргенде,2010 жылы маған сапар шегудің сәті бұйырды. Сол жылы Мысыр Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 2007 жылы қол қойылған екі ел арасында білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту меморандумы шеңберінде жарияланған Мысыр еліндегі мемлекеттік жоғары оқу орындарына ақысыз түрде түсуге конкурсқа қатысып, грантты жеңіп алдым.» Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарынан араб әлемін зерттеп жүрген арманы асқақ замандастарыңыздың алыстан арнайы жолдаған ой-толғамымен таныса аласыздар.
Жанар Нұрышева: «Білім - бәсекеге қабілеттілік бастауы»
«Әр әулеттің өзіне тән бір ортақ қасиеттері, ұстанымдары бар. Ес білгелі есімде, біздің отбасымызда оқу, білім алу қашанда ең басты құндылық еді. Мүмкін содан шығар, араласатын ортам да, әріптестерім, достарым да, жаңалыққа құштар болатын» . Бұл елордасында журналист болып еңбек жолын бастаған, бүгінде білім қуып,жаңа өмір белестерін бағындыруға аттанған Жанар Мақсұтқызының жырақта жүріп жазған ой-толғамдары.
КЕЛЬНДЕГІ ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ
Сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша қасиеттердің бірі. Қиындықтар кездессе оған сабыр ету болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдау керек екен. Алманияның Кельн қаласында тұратын Еролдар отбасына қарап, осы сөздердің растығына көз жеткізесіз. Өзге елде тұрып ұрпағының бойына атажұртына деген сүйіспеншілік пен қазақтығын сақтап қалу үшін де тер төгіп жүрген өнегелі әулет жайлы толығырақ «Жырақта жүргендер» айдарында.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында бауырлас мажар халқы да қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізуде. Екі ел арасындағы қатынас жыл сайын дамып келеді. Соңғы жылдары тек рухани-мәдени ғана емес, экономикалық байланыстар да нығаюда,-дейді Qazir үшін Венгриядан отандастар тілегін жеткізген Жанар Мақсұтқызы.
Дания еліндегі Аюбилер әулеті
"Бүгінде Аюбилерден тараған 15-ке жуық отбасы Данияның әр жерінде өмір сүруде.Араларында жасы 80-нен асқан Амангүл аналары бар.Екінші буынның бәрі дерлік жоғары білім алған.Данияның ірі-ірі компаниялары мен мемлекеттік мекемелерінде еңбек етуде». Бұл әулеттің өзге елге қоныс аударған кезеңдері мен бүгінге дейінгі өмір өткелдері жайлы «Жырақта жүргендер» айдарында".
МҰСТАФА ӨЗТҮРІКТІҢ ӨНЕГЕСІ
«Қаншама жылдар бойы ата-бабасы сағынып, аңсап, армандап өткен қазақ жеріне, қалың қазақтың ортасына келген ұлдың: «Біздің ақсақалдар «Жан тартпайды, қан тартады» деген мақалды жиі айтатын, сол сөздің растығына бүгін көзім жетті. Қаным тартқасын, мен сіздерді іздеп келдім»,-деген сөзі қаншама жанның тоң боп қатқан көңілін жібітті». Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарынан жазушы Заря Жұманованың Мұстафа Өзтүрік жайлы оқырманға ой салар естелік әңгімесін ұсынамыз.