Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында еліміздің барлық мектептерінде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Qazir.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде 2019 жылғы 14 қаңтар – 28 ақпан аралығында – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауы www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтында, 2019 жылғы 24-25 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі Алматы қаласында, 2019 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі Алматы қаласында өткізіледі.
Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы көркем және сәндік-қолданбалы өнер арқылы олардың тұлғалық ресурстарын көрсетуіне, шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезінуіне, толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтарылық байланысты бекіту басты тақырыбы болатын зияткерлік байқаулар мен құрылымдық дискуссияларды насихаттауға ықпал етеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – алғыс хаттар беріледі.
Қосымша ақпарат үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
+ 7 (7172) 64 27 32; 64 27 31.
Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан.