Бұған дейін БАҚ беттері мен ғаламтордан Шымкентте отандық ойыншықтар шығарылатынынан хабардар болсақ , жақында елордада өткізілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «NAVRUZ PLASTIC» пластмассалық ойыншық фабрикасының директоры Рабиға Байтеміровамен жолығып сұхбаттасудың сәті түсті.
Qazir: Рабиға Сатыбалдықызы,бұрын шағын ойыншық цехы деп қана еститін едік,бүгінде «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан фабрикаға айналыпсыздар. Бүгіннен бұрынға қарай ойыссақ,отандық ойыншық шығаруды бастау оңай болмаған шығар?
Рабиға: Біз 2011 жылдан бері жұмыс жасаймыз,алғашқы кезде бір станокпен істегесін қиындық туды.Жергілікті органдар рұхсат бермей ол кезде сертификат алайық десек,біраз тоқтап тұрдық.Өте қиналдық,ойыншық дегенді күрделі екен шығару.Ол кезде тексерістің де көп кезіне тап келген екенбіз, амалсыздан Елбасыға хат жаздым, «елімізде ойыншық шығарайын десем,жергілікті жерден қиыншылық көріп отырмын»,- деп,содан бірден әкімшілікке жәрдем берілсін деген жауап келгесін жұмысымыз жүрді.
Ойыншықты таңдағанымыз ,менің балам армандаушы еді,ойыншық жасау үшін Қытайға барамын деп,ол 15 жасқа толғанда Қытайға жіберіп,қытай тілін үйреттім. 2 жыл тіл үйренгесін осындай технология жағына оқуға түсірдім.Оқуын бітіргесін сол жақтан станоктарды таңдап балам өзі алып келді.Бұл баламның идеясы біздің отбасымызбен жүзеге асырғанымыз.
Баламның аты-Наурызбек,сол Қытайда аудармашы болып жұмыс істейді. Жетпей тұрған материалдарды балам Қытайдан жіберіп отырады.
Басында екі адам,одан станок көбейткеннен кейін 5 адам,солай жайлап жұмыс істедік, адам санын біртіндеп онға жеткіздім. Станоктың саны көбейгесін «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорынан «бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 10 млн 500 мың теңге несие алдым.Сөйтіп ол қаржымен жұмыс істеп,аяққа тұрғаннан кейін тағы ойыншықтар жасауға формалар алдым.Кұрастырғыштар,құммен ойнайтын машиналар.Кейіннен 15 адаммен жұмыс істедік,қазір 20-30 адамды жұмыспен қамтып отырмын.
Qazir: «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтардың өзге елдің нарығына шығып жатқаны қуанышты жағдай,ал өзімізде ойыншықтарыңыздың өтімділігі қандай?
Рабиға: Ия,дұрыс айтасыз.Қазір біз ойыншықтарымызды Қырғызстанға шығарамыз. Айына бір рет КамАЗ –бен тиеп алып кетеді 250-300 қорап ойыншықты. Өзімізде де сұраныс жоғары. Алматы,Астана,Қызылорда,Петропавл ,Түркістан облысының барлық қалаларынан келіп алады. Жыл сайын Астанаға екі рет осылай көрмеге келіп қатысамыз.Көктемде «Даму» шақырса, күзде «Атамекен» ҰКП арқылы келдік. Бағасы ойыншықтың түріне қарай 500- 1.500 теңге аралығында. Балаларға арналған ходуноктарды 3 мыңға саттық. Аз ғана уақытта 4-5 қорапшасын алып кетті. Осында келгенімде бір супермаркеттен өз ойыншығымды 5 мың теңгеден көріп,таңқалып сатушыдан сұрасам, бізге фирмалар 2-3 мыңға әкеледі әрқайсын,үстіне өз бағамызды қосамыз,содан осындай баға дейді. Мұнда «Шанхай» базары мен дүкендерге арнайы алып кететін клиенттеріміз бар.
Qazir: Сіздер шығаратын ойыншықпен балалар ойнайды,Қытайдың арзан өнімдерінің бала организміне тигізетін зияны туралы көп айтамыз,өзіміздің өнімнің сапасы қалай қадағаланады?
Рабиға: Бағасы қолжетімді болғанмен, біздің ойыншықтарымыздың сапасы да жақсы.Біз шикізатты вагонмен әкелеміз ғой,оның сертификатын сұрайды , бәрін лаборатория тексергесін ғана өндіріске алынады. Дайын ойыншықтарды шығарғасын тағы сертификат аламыз бала ойнағанда организміне аллергия тудырмауы үшін.Сапасын өзім қараймын,өнімге жауапты болғасын.Шикізатты полипропилен мен полиэтиленді Ресей мен Өзбекстаннан аламыз. Бояуларды Индия мен Түркиядан әкелеміз. Ойыншықтың түсі ,яғни бояуы қанық болса ғана баланың көзін қызықтырады.
Qazir: Ойыншық шығару ісімен айналысу қалай ойыңызға келді,мамандығыңыз осы кәсіп түріне жақын ба еді,ойыңызды жүзеге асыруға кімдер қолдау көрсетті?
Рабиға: Мамандығым музыка жағынан,әнші боламын дегенмін әкем рұхсат бермеді,кейін тұрмысқа шыққасын жолдасым балам осы отбасылы кәсіпке бейімделдік.Нарықта 15 жыл жүрміз,алдында Түркияға, Иранға барып ойыншық,кеңсе тауарларын әкеліп сатқанбыз,сол кезде армандайтын едім, өзімізде осындай зауыттар ашсақ деп.Цех ашқан кезде алдымен самосвал шығардық.Біздің оңтүстік өңірде өздеріңіз білесіздер,көп балалы отбасылар көп,ойыншыққа деген сұраныс та жақсы. Мамандарды өзім дайындадым. Күйеуім мен балам Қытайда үйреніп сосын басқаларға оқытты.Айлықтары 50 мың теңге. Уақытынан кешіктірмей береміз.Ойыншық шығару оңай емес,оның әр бөлшегі жеке-жеке дайындалады.Сосын барып құрастырылуға жіберіледі. Ойыншық көліктің 10 түрі,құрастырғыштардың 5 түрін шығарамыз.Айына төрт мыңнан 10 мыңға дейін ойыншық шығара аламыз. Болашақта пультпен басқарылатын,әуен орындалатын ойыншықтар,ходуноктар шығарсақ деп отырмыз.Жақында квадроцикл шығардық оған сұраныс өте көп.Белоруссияныкі 11 мың тұрады,біздікі 3 мың ,3жарым мың .Қыздарға арнап қуыршақ шығарсақ деген де ойымыз бар.
Осы істі алғаш қолға алғанымда әкем айтатын: «Көз қорқақ,қол батыр,сен осы жұмыстарды істеп кетсең Алла ниетіңе береді»- деп.Адам шын ниетімен бастаған ісін жүзеге асырамын десе,бойыңнан күш-қуат табылады екен.Отандық ойыншық шығарудың бастауында тарихта қалдың деп те айтады ғой,алғаш осы істі бастағанымда қиындықтан көз ашпаған кезімде Елбасыға хат жазып,үлкен қолдау алып, бір цехтан бастаған жұмысымыз бүгінде отандық ойыншықтар шығаратын фабрикаға айналды. Біздің ойыншықтарымызды балаларының қызық қуаныштарын атап өтетін мейрамдары мен тойларына еліміздің барлық өңірлерінен тапсырыс беріп алып кетеді.
Әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысса ғана нәтижесін көреді. Ойыншықты шығарған кезде өмірге бала келгендей қуанамын.
Сұхбаттасқан: Базаргүл Сейітжанқызы.