«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2019-2020 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалалары физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалалары химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды, деп хабарлайды nis.edu.kz
Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:
1) Астана қаласы (физика-математикалық бағыттағы), №31 көше, 37 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), телефон: 8 (7172) 55-98-01;
2) Астана қаласы, №31 көше, 35 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), телефон: 8 (7172) 55-80-33;
3) Ақтау қаласы, 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат, телефон: 8 (7292) 70-10-66;
4) Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ықшам ауданы, 26 аймақ, телефон: 8 (7132) 70-47-80;
5) Алматы қаласы (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаева көшесінің қиылысы, телефон: 8 (727) 331-01-00;
6) Алматы қаласы (химия-биологиялық бағыттағы), Наурызбай ауданы, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Елібаев көшесі, 2 үй, телефон: 8 (727) 331-01-10; 331-01-07;
7) Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, 11 көшесі, 22 ғимарат, телефон: 8 (7122) 55-85-51;
8) Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 62 үй, телефон: 8 (7212) 55-88-80;
9) Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі, 59 үй, телефон: 8 (7162) 25-31-40;
10) Қостанай қаласы, Гагарин көшесі, 239 үй, телефон: 8 (7142) 99-97-47;
11) Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6, телефон: 8 (7242) 55-11-51;
12) Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 16/2 үй, телефон: 8 (7182) 70-47-40;
13) Петропавл қаласы, Ибраев көшесі, 22А үй, телефон: 8 (7152) 55-97-22, 55-97-28;
14) Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданы, 1, телефон: 8 (7222) 63-63-50;
15) Талдықорған қаласы, Каратал ықшам ауданы, 47 үй, телефон: 8 (7282) 55-88-80, 55-88-81, 55-88-83;
16) Тараз қаласы, Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266 үй, телефон: 8 (7262) 99-98-55;
17) Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 53 үй, телефон: 8 (7232) 56-01-25; 56-08-43;
18) Орал қаласы, Московская көшесі, 16 үй, телефон: 8 (7112) 55-45-12;
19) Шымкент қаласы (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ықшам ауданы, Элитный қалашығы, 6 ғимарат, телефон: 8 (7252) 29-44-88;
20) Шымкент қаласы (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ықшам ауданы, 1А үй, телефон: 8 (7252) 42-51-70.
Тестілеу 2019 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді.
Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.
Фото: ашық ақпарат көзінен.