«Шаһарларға саяхат» айдарынан Кенді Алтайдың орталығында, Ертістің жоғары ағысында Үлбі өзеніне құйылыс бассейнінде орналасқан,ШҚО орталығы - Өскемен қаласы жайлы мәліметтермен таныстырамыз.
1. Қала тарихынан деректер
XVIII ғасыр басында Ресей оңтүстік бағыттағы сібір аумақтарын кеңейтіп, шекараларда әскери қорғау бекіністері тұрғызылған. 1720 жылдың 12 тамызында Ресей армиясының әскери тобы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің қосылған орнына келіп, бекіністі салу жұмыстарын бастады. Бұл күн Өскемен қаласының негізі қаланған күні ретінде қабылданған.1845 жылы бұрынғы қорған құрылысының жобасы бекітілген.1882 жылы Омск облысының қалыптасуына байланысты, Өскемен қаласы округтік қала болды. 1838 жылдан Өскемен қаласы Тобол губерниясына қосылды. 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылды. 1943 жылы қорғасын-мырыш комбинаты, ал 1939 жылы - Өскемен ГЭС құрылысы басталды. 1939 жылдан бастап Өскемен қаласы ШҚО облыстық орталығы болды.
2. Өскемен –өндірісі дамыған қала
Машина жасау саласы «Востокмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ орналасқан. Олар тау шахталы және байытылған жабдық, мұнай және құбыр өткізгіш арматураны, автокөліктерді, конденсаторларды және т.б. шығарады.Химия өнеркәсібі «Ульбафторкомплекс» ЖШС», «Казцинкинтех» ЖШС, «Орика-Қазахстан» ЖАҚ ерітінді, күкірт қышқылын, жаңа технологиялар бойынша эмульсионды жарылғыш заттарды шығарады. Электрлік және жылу энергиясының өндірушілері «АЭС Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен АЭС ЖЭО», «АЭС Согралық ЖЭО» болып саналады.
3.Шаһардағы білім ордалары
Өскемен қаласында 4 ЖОО бар: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен филиалы.Сонымен қатар қалада 25 техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындары жұмыс атқарады.
4.Қаладағы мәдени орындар
Өскемен қаласы бойынша 33 мәдени ошақтары бар: соның ішінде театр, филармония, достық үйі, 3 мұражай, республикалық кітапхана, 3 облыстық кітапхана, 13 қалалық кітапхана, 1 металлургтер мәдениет сарайы, 1 орталық мәдениет үйі, 1 ТМК АҚ мәдениет үйі, 4 клубтық мекеме, «Металлург» мәдениет және демалыс саябағы, 2 кинотеатр «Юбилейный» және «Эхо».Өскемен қаласында 4 саябақ бар: «Металлургтер» саябағы, «Жастар» саябағы, «Жамбыл» саябағы, «Этнографиялық» саябағы.
5.Қаланың туристік әлеуеті
Өскемен қаласында қала тұрғындары және қала қонақтары үшін қызығушылық тудыратын 17 туристтік нысан орналасқан. Олардың ішінде: Тарихи-мәдени нысандар – Металлургтер мәдениет үйі, ШҚО Жамбыл атындағы драма театр, «Эхо» кинотеатры, ШҚО Достық үйі; Этнографиялық нысандар – облыстық құрылыс–этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық,облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, сол жақ жағалау бөлігі; облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, «Жастар» саябағы; облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, «Жамбыл» саябағы.
6. Әлеуметтік-мәдени нысандар
«Үлбі» мәдениет үйі; облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, «Сәулетай» саябағы; «Металлург» саябағы; «Юбилейный» кинотеатры; Аблакетка айлағында таудағы ҚР мемлекеттік рәміздері орнатылған байқау алаңы; «Ғашықтар аллеясы»; ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы; ШҚО өнер мұражайы; Өскемен қаласының орталық мешіті.
7.Қаланың қазіргі тынысы
Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы 320,2 мың адам .
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.
Шаһар жайлы мәліметтерді ашық ақпарат көздерінен жинақтаған: Раушан Бекмырзақызы.