Belle, Danse mon Esmeralda сияқты әлемге әйгілі әндер Астана төрінде шырқалмақ! Атақты «Нотр-Дам де Пари» мюзиклі күзде қазақ тілінде қойылмақшы. Ұйымдастырушылар әнші, биші, акробаттарға кастинг жариялап отыр. Мүмкіндікті пайдалана біл!
Гиннес рекордтар кітабына енген атақты мюзикл тұңғыш рет қазақ тілінде қойылады. Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба атанбақ. Соған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымымен бірігіп кастинг жариялайды.
«Нотр-Дам де Пари» - В.Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» роман желісімен сахналанған француз-канадалық мюзиклі. Мюзиклдің тұсау кесері 1998 жылы 16 қыркүйекте Парижде өтті. Гиннес рекордтар кітабына бірінші рет сахналанған жылы бірден әлемге танылған ең сәтті мюзикл ретінде кірді. Мюзикл, қазақ тілін есептегенде, 10 тілге аударылған. Астаналық көрермен қойылымнан Belle, Danse mon Esmeralda сияқты әйгілі әндерді тыңдайтын болады. Қазақстандағы тұсау кесері 2018 жылдың қарашасында.
Кастингті мюзиклдің қоюшы-режиссері Люк Пламондонның өзі қабылдайды. Кастингке қатысушылардың жасы 18-ден 38-ге дейін болуы керек. Іріктеуден сүрінбей өткендермен 4 айға келісімшарт жасалады да, шетелге гастрольдік сапармен жолға шығады.
Кастингке қойылған басты талап – қазақ тілін білу. Спектакльге келесідей тәжірибелі, кәсіби білікті өнерпаздар қажет:
- Әншілер;
- Бишілер;
- Хип-хоп бишілер;
- Акробаттар :
Кастинг 27-30 шілде Астана қаласындағы «Қазақстан» ОКЗ өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірі:
8 702 684 12 95
8 (717) 2 705 331
Материалды дайындаған Мақпал Аманбай.
Мәліметтер мен фото ұйымдастырушылардан алынды.