Елбасының тапсырмасына сәйкес, осы жылы елімізде мемлекеттік тапсырыс көлемі 20 мың грантқа көбейген-ді.Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, атап айтсақ, ақпараттық технологиялар, робот техникасы, нанотехнологиялар саласы бойынша маман даярлауға бағытталды. Ал 5000 грант нарыққа қажет басқа да мамандықтарға, тағы 3000-ы магистратураға, қалған 1000-ы PhD доктор даярлауға бөлінген. Толығырақ «Қоғамдағы үш анық айдарында.
Мемлекеттік гранттар бөлінуде қай мамандықтарға басымдық берілді?
Сонымен ағымдағы жылы жоғары білім алуға грант саны 53 594-ке дейін көбейіп отыр. Бұған қатысты көрсетілген басымдықтарды ескере отырып, гранттың негізгі бөлігін техникалық және технологиялық мамандықтарға бөлген. Олардың саны 24 737. Ал педагогикалық мамандыққа 9499 грант, ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына 2785 грант, 2 700 грантты медициналық, 1 450 грантты гуманитарлық, 300-ін өнер, 100-ін құқық, 1780-ін әлеуметтік ғылым, экономика мен бизнес, 3 246-сын жаратылыстану, 2 330-ын арнайы қызметтер мамандықтарына бөлу қарастырылған. Бұлардан бөлек, мемлекет әскери іс және қауіпсіздік мамандығына 500 грант бөліп отыр.Бұл көрсеткіштер еліміздегі маман тапшылығына қытысты мәселенің алдағы 4-5 жылда шешілуіне негіз болмақ. Осы 2018 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын иеленгендер тізімін қазақ диаспорасының 862 азаматы толтырды. Бұл Квоталар Қазақстан Республикасының азаматы саналмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне бөлінген. Өзге мемлекетте өмір сүріп жатқан этникалық қазақтар иеленген ең жоғары балл-133 ті құраған. Осы көрсеткіш бойынша тегін білім алуға қол жеткізген талапкерлер саны екеу. Олар «Жалпы медицина» және «Тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша білім алатындығы белгілі болды.
Шетелдегі қазақ диаспорасы арасынан грант конкурсына қатысқандардың алған ең төменгі балы 25 және 26. Оның алғашқысы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алса, екінші 26 балл жинаған талапкер «мектепке дейінгі оқыту» мамандығын таңдаған. Жалпы грантқа қол жеткізгендердің қатарында 27,29,31,33 балл жинағандары да бар.
Ал жоғары 132, 129,128 балл алған түлектер «тіс дәрігері» мамандығын оқуды қалаған. Жалпы Қазақ диаспорасына бөлінген квота бойынша жоғары баллға қол жеткізген үміткерлердің көбі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Авиация техникасы және технологиялар» мамандықтары бойынша оқуға түсіп отыр.Осындай өзге елде тұрып, өз ата-жұртында білім алғысы келетін қандастармызға тегін квота бөлу, ел іргесінің экономикалық тұрғыда тұрақты әрі бекемдігін көрсетері анық.
Ал сөз соңында айта кетсек, биыл еліміз бойынша 60327 үміткер қазақ тілінде, 14810-ы орыс тілінде, ал ағылшын тілінде 293 адам тегін білім алу үшін, жалпы саны 75430 үміткер білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш білдірген болатын. Бүгінде олардың да басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін тегін білім алу грантын иеленіп отыр.
Салтанат Сәдібекқызы
Фото: Хабар 24