Qazir оқырмандарына нарықтың талабына сай әрі сапалы отандық өнім шығарып, тұтынушыларға ұсынып келе жатқан Маржан Досмағанбетованың есімі таныс. Бұған дейін де «Оптима» сериясымен шығарылған кір жуатын сұйықтық жайлы сұхбатты оқыған қаншама жандар өз тараптарынан қызығушылықтарын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын да жолдаған еді. Бүгін сіздерге тағы бір жаңа өнім жайлы таныстырамыз.
– Маржан Қуанышқызы, араға бір айдан аса уақыт салып, «Оптима» сериясын тағы бір өніммен толықтырған сияқтысыз. Ол туралы өзіңізден естісек
– Дұрыс айтасыз. Әрбір отандық жаңа өнімді шығарысымен сіздердің оқырмандарыңызға алдымен таныстырып жүрмін ғой. Бұл да сұйықтық,тек еден жууға арналған. Жұрттың бәріне белгілі кіреберістегі едендерді жуғанда хлордың исі шығып тұрады. Соған қарап, бәріміздің де көңіліміз жайланып ерекше тазалық белгісіндей қарайтынымыз да рас. Бірақ, кейде сол хлордың иісі адамның басын ауыртып,жайсыздық сезімін тудырады.
– Сонда хлордың адам денсаулығына зияны бар ма?
– Оны мен сіздерге сол саланың маманы ретінде қарапайым түрде түсіндіріп өтейін. Еденді офисте клинингтер мен үйдің кіреберістерін ТКШ мекемелерінің тазалыққа жауапты еден жуушылары көбінесе «Белизна» , «Comet» , «Доместос» деп аталатын құрамында гипохлорит (NaOCE ) бар өнімдермен жуады. Гипохлорит (NaOCL ) формуласынан да көрініп тұр , өте тұрақсыз қосылыс, СL атомы тез бөлінеді. СL2 өте улы зат, хлор молекула-сына айналады . Сақтау мерзімі де өте қысқа , ГОСТ 57368-2017 талабына сай , дайындалған уақыттан бастап 10 күннің ішінде 30% - ке дейін активті хлор ионды жоғалтады . Қазақстанға көбінесе Ресейден әкеледі , сонда бізге жеткенше ол өнімнің құрамындағы активті хлор мүлдем қалмайтыны түсінікті . Гипохлориттің адамның тыныс жолдарына кері әсері бар , әсіресе сәбилердің өкпесінің үлпілдек қабатын күйдіріп жібереді , шама келгенше кіреберісте хлордың иісі шығып тұрса , сәбилерді ауа тазарғанша есік алдына шығармаған абзал. Офисте де хлордың иісінің жағымсыз иісі сейілгенше далада жүріп келген дұрыс.
– Хлор вирустарды өлтіреді емес пе ?
– Хлордың вирустарға шамасы жетпейді , вирус бұл өте шағын тіршілік иесі (микроорганизмдер) , кез келген ортаға бейімделгіш келеді . Вирустардың клеткасы болмайды , вирус белокты құрайтын амин қышқылдарының ДНК немесе РНК- ның , қапталған жиынтығы , өз бойында бактерияларды ерітіп жібереді , адам ағзасындағы клетканың ішіне еніп , тіршілік етіп , көбеюге қабілетті, аурудың қоздырғыштары болып табылады .
Хлормен залалсыздандыру Кеңес үкіметі кезінде басталған, демек 100-жылдан аса уақытта вирустардың хлорға төзімділігі (адаптация) қалыптасты . Адамдардың бәрі дәрігер емес инфекция немесе вирустар туралы , оның ерекшелігі туралы біле бермейді , сондықтан хлордың иісі шығып тұрса , бұл тазалықтың кепілі деген жаңсақ пікір солай қалыптасқан.
– Сіз қазір еден жууға арналған «Оптима» сериясымен сұйықтық шығарып жатырсыз , оның «Белизнадан» айырмашылығы қандай ?
– Басты айырмашылығы құрамында гипохлорит, яғни хлор ионы жоқ , төрттік аммоний қосылысы қосылған , вирустарды жақсы жояды . Тамақты қырып, көзді ашытатын өткір иісі жоқ .
– Жаңа өнімді тұтынушылар қалай қабылдады ?
– Басында бәрі үйреніп қалған ғой, хлордың иісі неге шықпайды дейтіндер болды , оларға интернетті ашып оқыңыз , хлордың иісінің адам ағзасына зияндылығы туралы жазылған деп айтып түсіндіруге тырыстық , кейін ватсаптағы топтарға хлордың зияны және вирусты залалсыздандырмайтындығы туралы хабарлама жібердік . Сосын өздері жуып көргеннен кейін , бір шелекке 2-3 қасық құю жеткілікті екендігіне көздері жетіп , қазір тапсырыс берушілер саны едәуір артып келеді.
– 100 жылдан аса уақытта вирустардың хлорға төзімділігі (адаптация) қалыптасты дедіңіз , демек сіз шығарып отырған сұйықтықтың құрамындағы төрттік аммоний қосылысына вирустардың төзімділігі немесе үйренуі қаншалықты болуы мүмкін ?
– Вирустардың ондай ерекшелігін ескеріп , 6 ай сайын сұйықтықтың құрамын өзгертіп отырамыз. Төрттік аммоний қосылысының біз пайдаланып жүрген 20 шақты түрі бар , осы түрлерін ауыстырып отырамыз. Сонда жылына екі реттен ауыстырғанда 10 жылға таяу уақыт кетеді екен. Өмір бір орнында тұрмайтыны белгілі , 10 жылдан кейін басқа да технологиялар енгізілуі әбден мүмкін.
– Құрамы өзгергенде сұйықтықтың бағасы да қымбаттайтын болар?
– Баға өнімнің құрамынан бөлек , теңгенің бағамына да тәуелді , өте шарықтап кетуіне жол бермейміз. Сонымен қатар көп нәрсе технологтың тәжірибесі мен шеберлігіне де байланысты. Қандай өнім шығарсам да алдымен, оның адам денсаулығына кері әсері болмауын қадағалаймын.
Сұхбаттасқан Бибінұр Жансейіт.