Бүгінгі «Дәмнен ауыз тиіңіз» айдарында қой өнімдерінің емдік қасиеті жайлы айтылады.
Қазақ атамыз "мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір", "қойдың сүті қорғасын", "асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бəрінен де қой бағып көтен жеген озар" т.б. сөздерді қалдырған.
Қой еті. Қатты науқастан дененің арықтауына, дене əлсізденгенде, қайнатып жегізген.Бұны "сорпалау" деп атаған. Босанған əйелдерге денсаулығын қалпына келтіруге қайнатып етін жегізіп сорпасын ішкізген. Бұны "қалжалау" деп атаған. Кейбір ынжық жігіттерді көргенде қазақта: "сені де анаң ұл тудым деп "қалжа" жеген ғой" - деген ауыр сөз бар. Қазірде жастар жағы қой еті сасиды деп жемейді. Жас кезінен үйде жегізіп үйретіп отыру керек деп ойлаймын. Жүні қырқылмаған марқа қозының еті ауруға ем екені бұрыннан белгілі.
Қой құйрығы. Қой_құйрығында адамға қажетті микро-макро элементтер өте көп. Құйрық майды шыжғырып, ішсе қақырықты жібітіп жөтелді басады. Бізге медицина ғылымының докторы Н.Касабулатов деген кісі лекция оқитын. Сол кісі айтатын "Дастарқанның үстінде құйрық май тұрсын. Күніне бір кесіп жеп тұр. Бала еңбектей бастағанда қолына құйрық бер"-деп. Құйрық майда холестерин болмайды дейтін. Ол кісі қазір Москвада тұрады. Қазақ оны баяғыдан жасайтын. Біздің қатарымыз май жеп өстік. Ауруға қарсы иммунитетіміз қазіргі жастарға қарағанда анағұрлым мықты. (Ол кісінің сөзін қосқан себебім оның докторлығы. Жастар дәрігер айтпаса орындауы қиын.) Қазіргі жаңа туған сəбилер дизбактериоз болғанда, соларға да марліге орап құйрық сорғызса болады. Іші ауырған балаға сор мақта жасауға болады. Суық тиген баланы шыжғырған маймен кеудесін сылап, жылы орап бір терлетіп алса бала құлан таза жазылады.
Сонымен барлығымыз қойдың құйрығынан қашпай күнделікті пайдаланайық. Мен еттартқыштан өткізіп, жұқалап пакетке салып пышақтың сыртымен кубиктерге бөліп мұздатқышқа қоя саламын. Сосын əр тамаққа бір бөлігін сала саламын. Тамақ өте дəмді, əрі маңызды болады. Ешкім ол құйрықты көрмейді. Мен жемеймін деп əрі-бері итермейді де. Қазақтар өз денсаулығымызды күтіп,өзіміздің ата-баба жеген өзіміздің санамыз қабылдайтын тамақпен қоректендірейік. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Қойдың етін жемейтіндерге не бір рецептер бар. Исін де, дəмін де сездірмейтін. Төрт түлік мал өнімдерінің емдік қасиеттерін біле жүрейік!
Дана Абджапбарова