Құрметті оқырман! QAZIR «Жүректе қайрат болмаса» айдары аясында өздеріңізді түрлі маман иелерінің, сан алуан кәсіпті нәсіп еткен, жүректері қайратты жандармен таныстырып келеді. Заман мен ғаламның түрленуіне байланысты түрлі мамандықтар қатары да толығып, озығы дамып, тозығы жаңғырып келеді. Әр мамандықтың, әр қызметтің біз біле бермейтін қызыққа да, шыжыққа да толы қырлары болады.Қандай қызықты мамандық пен кәсіпті біле бермейміз? Етікшіден бастап ел басқарушыларға дейінгі аралықта мыңдаған маман иелері жүреді. ІТ-маманы, стилист, веб-дизайнер, мүсінші, мұғалім сияқты үйреншікті мамандықтар қатарын толтыратын ең қызық ондықты ұсынамыз.
Копирайтер. Бұл мамандық енді сіңісіп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, жаһанданудың жалпы үрдістері мен күнделікті маркетинг, менеджмент саласында ең қажеті болып отыр. HR және PR- менеджерлерді де осы қатарға жатқызуға болады.
Постижер. Бұл мамандықты меңгермес түгіл, естігеніміз сирек шығар. Бұл кәсіппен айналысатындар шаштан түрлі әшекейлер мен сәндік бұйымдарын әзірлеумен айналысады, мысалы: жабыстырып алатын сақал-мұрт, парик және т.б.
Жолаушыларды нығыздаушы. Қандай қызық болса да халық қарасы көп Қытайда осындай арнайы жұмыскер шыныменде бар. Айтпаса да түсінікті сияқты, олар метро вагондарына мінген жолаушыларды жаныштап, ішіне итерумен айналысады. Әрине, жұмыстың барынша сақтықпен атқару талап етіледі. Олар вагон есіктерінің ашылып-жабылуы барысында ешкімнің жарақаттанып қалмауын да қадағалайды. Мұндай мамандарды Жапонияда «бас-бас» десе, АҚШ «пушер» деп атайды.
Пингвиндерді аударғыш. Бұндай мамандар маңайында пингвиндер тіршілік ететін әуежай орналасқан жерлерде еңбек етеді. Пингвиндер ұшқан ұшақтарды тамашалағанды жақсы көреді екен, шалқайғандары соншалық, арқасына құлап түседі де, өздігінен тұра алмайды. Бұл арқасына құлаған «ақ мамықты» мекен еткен құстық табиғи сипаты. Осы сәтте пингвиндерге «аударғыштары» келіп көмектеседі.
Лифт бикеші. Олардың міндетіне жеделсатымен жүретіндерге қайырлы күн, сәтті жол тілеу, лифт тоқтайтын қабаттарды хабарлау, қош-сәлем айтысу кіреді.
Ауа дегустаторы. Бұл қызықты маман көмегімен Жапонияда ауаның тазалығын тексереді. Ауа дегустаторы барлығын иіскеп, алынған мәліметтерді компьютерге жазып алады екен.
Аяқ киім түзеткіш. Аяқ киім дүкендеріне арнайы жұмысқа қабылданатын мұндай адамдар киіп, өлшем көрген соң басылып қалған өкшесін, шешіліп қалған бауын түзетіп, дұрыстап тұрумен айналысады.
Кейбір жиһаз салондарының иелері үшін иленіп қалған жастықтардың жағымсыз болатыны соншалық, жастықтарды түзеткіш ретінде арнайы адамды жұмысқа қабылдайды.
Клакер. Бір драматург 2,5 жыл жуық уақыт бұрын басқа драматургті ысқырықпен «ызылдатып», қуып салу үшін бір көрерменді жалдап алыпты, ал екінші драматург одан да айлақорлау болған екен: толассыз қол соғып, шапалақтау үшін бірнеше көрерменге ақы төлепті. Сол уақыттан бастап жалданбалы көрермендер кәзір клакер деп аталады.
Кезекте тұрғыш. Кеңес Одағы кезінде бұл лауазымда жарты ставкада барлығы болған шығар, сірә. Бірақ, ресми статус тек Ұлыбританияда тағайындалды. Арнайы агенттік сағатына 30 фунт төлесең кез келген кезекте тұратын маман қызметін ұсынады.
Соған қоса фумелье, патоэколог, қарақұрт сауғыш, пармезан тыңдауыштар сияқты түрлі-түрлі тапсырыстарға орай қызмет ететіндер көп. Біздің арамызда жүрген қандай қызықты, сирек кездесетін маман иелерін білесіздер, олар жайлы айтарларыңыз болса, қош, QAZIR-ге хабарласыңыз.
Материалды ашық ақпарат көздерінен аударып, жинақтаған Жәннат Манасбайқызы