Университет Жерорта теңізі жағалауынан алыс емес Израилдің солтүстік бөлігіндегі Хайфа қаласында орналасқан.Technion Азаматтық құрылыс саласында (Civil Engineering) Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсуге конкурс жариялайды, деп хабарлайды Qazir.kz bolashak.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Technion университеті үш Нобель сыйлығы лауреатының «үйі» болып табылады, сондай-ақ бұл келешектегі табысты кәсіпкерлер үшін әлемдегі жетекші кәсіпкерлік инкубаторлардың бірі ретінде танылған.
Стипендия толық оқу курсын қамтиды! Онлайн тіркеу мерзімі университеттің сайтында- 2019 жылғы 1 сәуірге дейін,ал оқу 2019 жылдың 18 тамызында басталады.
Оnline application form сілтемесі — https://regint.technion.ac.il/
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Стипендиялық бағдарламаның толтырылған өтініш нысаны (https://regint.technion.ac.il/);
2) Оnline application form нысанында Health Declaration Form міндетті түрде толтыру;
3) Бағалары жазылған қосымшасымен білімі туралы құжаттар (соңғы 3 жылдағы бағаларды қоса алғанда (9, 10, 11), НЗМ үшін (10,11,12). Студенттер математика және физика бойынша үздік көрсеткіштерге ие болуы керек.
4) Оқытушылардың атынан 2 ұсыныс хат*;
5) Standardized test (SAT немесе ACT немесе AST);
6) Түйіндеме;
7) Уәждемелік хат (ағылшын тілінде);
8) Паспорттың сканерленген көшірмесі;
9) Шет тілі білімін растайтын сертификат (IELTS, TOEF).
* Ұсыныс хат тікелей мұғалімнің атынан жіберілуі тиіс. Міндетті түрде бір хат математика мұғалімінің атынан болуы тиіс.
Ағылшын тілі бойынша қойылатын талаптары, SAT және ACT:
TOEFL – Paper Based Test (PBI) - Minimum 550
TOEFL – Computer Based Test (CBT) - Minimum 188
TOEFL- Internet Based Test (IBT) - Minimum 80
IELTS - Minimum 6.0
SAT- Math section - Minimum Math 660
ACT- Math section - Minimum Math 28
Анықтама бойынша телефон нөмірлері:
+ 7 (7172) 76-90-56
+ 7 776 176 43 09 (WhatsApp)
+ 7 747 269 22 63 .