Бұл туралы Qazir.kz порталына университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25% -ға артатынын жариялаған болатын.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығы осы мәселенің оң шешілуіне бар күш-жігері мен қолда бар мүмкіндікті қарастыру нәтижесінде, университеттің 14 677 студенті жаңа жоғарылатылған төлемдерді бірінші болып алды.
Бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистрлік бағдарламалар 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге, докторантура 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.
Қазіргі күні Еуразия ұлттық университетінде 20 мыңдай студент оқыса, олардың 70 пайызы мемлекеттік білім гранты иегерлері.
Сондай-ақ, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 50 пайыздан жоғары, ал ғылыми кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 20% -ға көтерілгенін атап өткен жөн.
Ал әкімшілік және сала қызметкерлерінің жалақысын биылғы жылдың 1 қаңтарынан 20% -ға арттыру көзделген.