«Әдеп» жобалық кеңсесін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» аясында бірігіп ашады, деп хабарлайды Qazir.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңсе Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлесе қол қойған меморандумы негізінде жұмыс істейді.
Меморандумға ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қол қояды.
Кеңсенің міндеті: университетте жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын жүзеге асыру.
Сонымен қатар коррупцияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес бірлескен шаралар кешенін іске асыру, оқу орындары қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету,университетте сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу, құқық қорғау органдарының білім алушылар мен қызметкерлер арасында кездесулерін ұйымдастыру сияқты функцияларды атқарады.
Қатысушылар іс шара аясында оқу үрдісін ұйымдастыру және мониторинг, тіркеу-офисі бөлімдерінің, білім алушыларға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысады.
Кеңсенің ашылу салтанаты 23 қыркүйек 2019 жыл, сағат 11.00-де К.Сәтбаев көшесі, 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің бас ғимаратында өтеді.