1- желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығының бас директоры,м.ғ.д. профессор,академик, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Халықаралық «Сократ» орденінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының «Құрмет белгісі» орденінің иегері Жасан Зекейұлының «Милосердие оставляет следы», «Елдік пен ерлік», «Бел омыртқа ауруларының диагнозы және тиімді емдеу жолдары», «Бел омыртқа аурулары» және «Еуропа медицина қауымдастығының» және «Еуропа бизнес академиясының» «Жас-Ай» Халықаралық медицина орталығы қызметіне арнап шығарған «Сократ альманахы» журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен мәдениет және медицина саласының , БАҚ саласы өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсімнің ашылуында сөз алған Жасан Зекейұлы: «Тәуелсіздіктің арқасында аңсаған атажұртқа оралдық.Туған елімізбен қауышқан сәтте,елге қызмет етуді ойладық. Бір үш бөлмеде ғана бастаған қызметімізді жалғастырып,алғашында медицина орталығын Алматыда аштық. Содан бергі 14 жылда үш орталық ашып,өз еңбегімізбен өсіп келеміз. Оның бәрі 27 жыл бойы қазақ елін әлемге танытып, отыз озық елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Ұлт Көшбасшымыздың арқасы. Өмірдегі ең үлкен бақыт - адамдарға көмектесу мүмкіндігі дер едім.Сондықтан еңбегіміз елге,құрметіміз Елбасыға болсын!»- деген жиналған көпшіліктің алдында ағынан жарылып.
Жасан Зекейұлы басшылық етіп отырған «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығы – еліміздегі денсаулық сақтау саласында бірегей орны бар институт. Бүгінде «Жас-Ай» орталығы республикалық маңызға ие үш ірі қала – Алматы мен Астанада және Шымкентте сапалы, ем көрсететін, заманауи құралдармен жабдықталған ірі медициналық орталыққа айналып отыр. «Жас-Ай» медициналық орталығы республика бойынша ең көп халықтық сұранысқа ие болып, жеке медициналық орталықтардың көшін бастап тұр.
14 жылдың ішінде «Жас-Ай» орталығы 90 мыңнан астам науқастың дертіне дауа болды, 15 мың адам тегін емделген. Осы уақыт ішінде құдайдан перзент сұрап жүрген бес мыңдай жастардың арманы орындалып,сәбилі болған. 4 мыңнан астам инсульт алған адам сауығып шықса,7 мыңдай сал болып қалған балалар дертінен айыққан.
3000 астам белінен шойырылған науқастың бел омыртқа жарығы (грыжа) отасыз емделіп қалпына келтірілген.
«Милосердие оставляет следы» , яғни «Қайырымдылықтың ізі қалады» кітабын парақтап қарасаңыз,оның әр бетінен біз келтіріп отырған құрғақ деректерден гөрі, еліміздің танымал қоғам қайраткерлерімен бірге талай сырқатынан айыққан жандардың жүрекжарды сөздері мен ақтарыла айтқан алғыстарын оқып, ел үшін еткен еңбектің еш кетпейтінін бағамдауға болады.
Сонымен қатар, Жасан Зекейұлы 14 жыл бойы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға жоғары білім алуына қамқорлық танытып,еліміздегі беделді жоғары оқу орындарына оқу грантын бөліп келеді екен. Жаңадан тұсауы кесілген ««Бел омыртқа ауруларының диагнозы және тиімді емдеу жолдары», «Бел омыртқа аурулары» атты қос кітап та медициналық жоғары оқу орындары мен арнайы колледж студенттеріне әдістемелік оқу құралы ретінде пайдалану үшін жазылған таптырмас еңбек.
Ал жылына екі рет қана жарық көретін «Сократ альманахы» журналының осы жылғы алғашқы саны «Халықаралық үздік клиника» атағын иеленген Халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығы мен оның басшысы Жасан Зекейұлына арналған.
Ол жақында WORLD CONFEDERATION OF BUSINESSES(WORLDCOB) компаниясының шақыруымен Гонконгте өткен Әлемдік бизнес әлемі майталмандарының семинарына қатысып,өз тәжірибесімен бөлісіп қайтты. Орталық бизнесте қол жеткізген табысы үшін WORLDCOB компаниясының атынан күміс мүсіншеге ие болған. Жасан Зекейұлы 21-22 қараша күндері Лондон қаласында Еуропа медицина қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Acute and General Medicine» атты Халықаралық конференциясына қатысып,Еуропа медициналық қауымдастығының Қазақстандағы ресми өкілі болып тағайындалды. 2009 жылдан бері «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидамен жарық көретін «Жас-Ай» медициналық-ақпараттық журналы да ай сайын 5 мың дана көлемінде шығып отыр.Осының бәрі алтын қолды, дархан жүректі маңайына шуағын шашқан, денсаулығы мықты елдің әлеуеті де зор боларын пайымдап, оған лайықты үлесін қосып жүрген азаматтың еліне арнаған еңбегінің жемісі.
Бибінұр Жансейіт.