Көрмеге келушілер Нұр-Сұлтан қаласында басталған "Көрме" кешенінде жаңа әдебиеттер мен Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің кітап басудағы жаңалықтарымен таныса алады, деп хабарлайды Qazir.kz
«Алматыкітап" баспасы Еуропа мен Азияның ірі баспа, кітап саудасы, ғылыми-танымдық және полиграфиялық компанияларымен қатар Еуразия xалықаралық "Eurasian Book Fair” кітап көрме-жәрмеңкесінде xалқымыздың мәдениеті мен тариxынан сыр шертетін 60 кітаптан тұратын "Менің Қазақстаным" атты серияны таныстырады.
Сонымен қатар " АК" баспасы Зәуре Төреxанованың "Амина Туран көшпенділер әлемінде" атты балалар мен жасөспірімдерге арналған бірінші роман-фэнтезиді қатысушылар назарына ұсынады.
«Алматыкітап баспасы» электронды оқулықтарды енгізуді 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанның 11 мектебінде бастаған болатын. Пилоттық жобаға Қазақстанның 5 облысындағы 11 мектептен 350 мұғалім мен 1000 оқулық қатысуда. www.opiq.kz платформасында жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 3, 5, 6, 8-сыныптардың оқулықтары орналасқан.
Электронды оқулықтар интерактив мультимедиа материалдарына өте бай. Конкурсты ұйымдастырушылар қазақ тілінің латын қарпіне өту процесін жеделдетуге дәл осы электронды оқулықтар үлес қосатынына сенімді, сондай-ақ, жаңа буынды заманауи әрі дамыған елдің сұранысқа ие азаматтары етіп тәрбиелеуге де ықпал етеді деп есептейді.