Елордада әйелдер көшбасшылығы мектебіне оқуға қабылдау жүріп жатыр, тіркеу 15 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazir.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер көшбасшылығы мектебінің ашылуы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын, елдегі гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бағыттарының бірі болып табылады. Оны құрудың басты мақсаттарының бірі гендерлік кемсітуді болдырмау.
Мектептің алдағы жоспарларында - 4 отырыс өткізіліп, онда спикерлер ретінде еңбек сіңірген педагог Рысты Жұмабекова мен психолог Наталья Семененко сөз сөйлейді. Сондай-ақ, мектеп оқушыларын әйелдердің көшбасшылық қабілетін, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруда білім мен дағдылардың әлеуетін арттыруға арналған акциялар өткізіледі.
Сонымен қатар белсенді әйелдердің электрондық деректер базасы әзірленіп, оларды қоғамдық-саяси салада ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Фото: astana.gov.kz