Жыл сайын өткізілетін байқауда биыл «Ең жас суретші» аталымында «Астана және менің отбасым» суретімен Мақсат Мансұр жеңіске жетті деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен қоғамдық даму істері басқармасы отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды, қоғамдық институттың маңызды базасы ретінде отбасы институтының маңызын жоғарылату мақсатында өткізіп келеді.Оған биыл аула клубтары да қатысты.
Байқауға аз қамтылған және толық емес отбасының балалары қатысты», - деді «Қазақстан әйелдері» қауымдастығының президенті Гүлнәр Байымбетова. Жарысқа ұлттық және отбасылық дәстүрді сақтап, бала тәрбиелеп отырған, балаларға үйлесімді қолайлы жағдай жасап отырған, баланың интеллектуалдық, физикалық дамуына, еңбекқор, белсенді өмір салтын үйретіп отырған отбасылар қатысты. Қатысуға 150 бала өтініш берген.
Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Байқауда «Туған жер» суретімен Жансұлу Нұрмағамбетова (1орын), «Үлкен үйде қонақ күтіп отырмыз» суретімен Назерке Рахметова (2 орын), «Анамның аялы алақаны» суретімен Гаухар Дипназирова (3 орын) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Астана қаласы және менің отбасым» суретімен ең жас суретші Мансұр Мақсат та жүлдеге ие болды.