Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 45 студенті оқуды аяқтағаннан кейін IT мамандығы бойынша екі диплом алып шығады. Екінші дипломды студенттерге Беларусь мемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университеті тапсырады, деп хабарлайды Qazir.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті жариялаған Жастар жылына орай 20 мыңнан астам студент білім алатын ЕҰУ Мемлекет басшысының "ғылыми әлеуетті нығайтуға" байланысты міндеттерге бағытталған зияткерлік банкінің өз жүйесін осылайша әзірлейді.
Жоғары оқу орындары арасындағы келісімдерді халықаралық деңгейде кеңейту тек екі диплом мамандарын шығару ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдарға стартап идеяларды нақты жобаларға енгізуге қолдау көрсетуді көздейді.
Осыған байланысты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ екі дипломды білім беру бағыты бойынша алғаш рет екі елдің серіктес ЖОО Беларусь Республикасы мен Қазақстан-Беларусь ғылыми-білім Консорциумы негізінде бірден 45 бірінші курс бакалавриаттарын оқуға жібереді. Өйткені бүгінгі таңда БМАРУ "Ақпараттық технологиялар және техникалық жүйелерді басқару" аса қызықты әрі ауқымды да бірегей мамандық болып табылады.
Бұл факт 2019 жылы 5 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен БМАРУ "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі барысында куәландырылатын болады.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ IT мамандарын даярлауда мұндай халықаралық білім беру байланыстары өте қажет деп санайды. Өйткені ЕҰУ 2011 жылдан бері Қазақстан-Беларусь Ғылыми-білім беру консорциумы шеңберінде Беларусь техникалық университеттерімен тығыз ынтымақтастық орната отырып, айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Соның бірі-Белоруссияның Ақпарат және радиоэлектроника мемлекеттік университеті.
ЕҰУ-ге жыл сайын ІТ-технологиялар саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға екі мыңнан астам студент келеді. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар факультетінде төрт мыңға жуық студент білім алуда.
Салтанатты шарада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов және БМАРУ бірінші проректоры Сергей Дик құттықтау сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Іс-шара барысында ЕҰУ мен БМАРУ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылмақ.
2019 жылы 6 ақпанда техникалық факультет декандары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен "ЕҰУ мен БМАРУ халықаралық ынтымақтастығы достас мемлекеттердің экономикасын цифрландыру жағдайындағы ЖОО білім беруді дамыту факторы ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
7 ақпанда Беларусь мемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университетінің басқару жүйелері кафедрасының меңгерушісі профессор Александр Владимирович Марков ЕҰУ-дің IT-технологиялар студенттеріне арналған дәрістер циклін оқиды, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және ғылыми тағылымдамалар мәселелері бойынша кеңес береді.
Фото: ашық ақпарат көзінен.