Наурыздың 16 және 17 күндері «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы сахналанып, бірқатар дебют орын алмақ, деп хабарлайды Qazir.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қытай ханшайымының басты партиясын театрдың жетекші солисі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина орындайды. Ержүрек әрі батыр ханзада Калафтың бейнесінде алғаш рет елорда сахнасына осы күндері Грузиядан келген танымал тенор Георгий Ониани шығады.
Ол әлемдік опера репертуарындағы тенорға арналған ең әйгілі партиялардың бірі – Калафтың бейнесін сомдайды, бұл партия орындаушылардың керемет вокалдық техникасын паш етіп қана қоймай, сондай-ақ кейіпкер мінезін ашудағы үздік әртістік шеберлікті танытуға мүмкіндік береді. Үшінші актідегі белгілі ария әйгілі концерттік нөмірлердің біріне айналып, халықаралық опера театрларының сахнасынан тұрақты түрде шырқалуда.
Осы күндері күң Луи партиясында театрдың солистері дебют жасайды: осы рөлді 16 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ орындаса, 17 наурыз күні елорда тұрғындары мен қала қонақтарының алдына Мәдина Исламова шығады.
Қытай императоры Альтоумның рөлінде 16 наурыз күні «Астана Опера» солисі Рамзат Балакишиев дебют жасаса, 17 наурызда тағынан айырылған татар ханы Тимурдың партиясында алғаш рет театрдың жетекші солисі Талғат Ғалеев өнер көрсетеді.
Тимурдың бейнесін 16 наурызда Болат Есімханов сомдайды, 17 наурызда Альтоум партиясында сахнаға Ақылбек Табынбаев шығады. 16 және 17 наурыз күндері Пинг рөлін Ержан Саипов, Панг – Ерұлан Кәмел, Понг – Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев, Мандарин – Шыңғыс Расылхан орындайды.
Спектакль театрдың шақырылған дирижері – Дж.Пуччини шығармашылығының үздік мамандарының бірі Джузеппе Акуавиваның (Италия) жетекшілігімен өтеді.Спектакльдер екі күнде де 18.00 де басталады.
Фото: театрдың баспасөз қызметінен.