«Шаһарларға саяхат» айдарынан өткен жылы ғана атауы Алтай болып өзгертілген Шығыс Қазақстан облысындағы қала жайлы мәліметтермен таныстырамыз.
1. Шаһар жайлы мәлімет. Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян қаласы 2018 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Алтай болып өзгерді. Бұл шаһар өзі аттас ауданның орталығы. Ресми деректер бойынша, қаланың негізі 1791 салынған болса, қазіргі шекарасы 1941 жылдан бастап құрылған. Бұл экономикасының басым бөлігі өнеркәсіпке негізделген кен өндірісімен белгілі шаһар.
2. Қаланың өткен тарихынан. 1791 жылы инженер Г.Зырянов бұл өңірден қорғасын кенін тапқан. 1795 жылдан бастап оны игеру басталды. Соғыс жылдарында Зырянов майданға қажетті қорғасын мен мыс т.б өнімдер жіберіп отырған.
3.Алтай қаласы – түсті металлургия орталығы.
Қалада және оған қарасты әкімшілік аумақта «Қазмырыш» акционерлік қоғамының кен байыту комбинаты, “Полиметал кендерін өндіру және байыту” акционерлік қоғамы, Бұқтырма гидроэнергетикалық торабы, “Бұқтырма цемент компаниясы” акционерлік қоғамы, шұжық жасайтын “Зырянов – Ет” серіктестігі, “Зырянов сыра зауыты”, “Зырянов қалалық сүт зауыты”, бояу өндіретін “Колер” серіктестігі, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
4. Қаладағы әлеуметтік мекемелер. Қалада Шығыс Қазақстан техникалық университетінің филиалы, 14 жалпы білім беретін мектеп, музыкалық және кәсіптік-техникалық мектеп, кеншілердің мәдениет сарайы, 3кітапхана, стадион, 3 аурухана, 2 емхана, санэпидстанса, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, диагностикалық орталық бар.
5.Шаһардың көлік қатынасы. Қала өзге өңірлермен автомобиль жолдары және темір жол арқылы қатынасады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалдауда «Дилер Восток» , жүк тасымалдау саласында «Казцинк-Транс» ЖШС тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Облыс орталығы Өскемен қаласымен, КатонҚарағай ауданымен республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Рахманқайнары» автомобиль жолымен байланысқан, ұзындығы 191 км. Темір жол участогы Защита ст. Зыряновск стансасына дейін жалғасады.
6. Қаланың географиялық орны. . Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқандықтан, солтүстік-шығыста және шығысында Ресей Федерациясымен(Алтай өлкесі), оңтүстік-шығыста Катон-Қарағай ауданымен,солтүстік-батыс шекарасы Ұлан ауданы,ал батыста –Глубокий ауданымен шектеседі. Алтай қаласынан - Өскеменге дейін 164 км, Семейге- 380 км, Нұр-Сұлтан қаласына 1250, Алматыға дейін 1464 км.
7. Қазіргі тіршілік тынысы. Алтай қаласы аудан орталығы болып саналатындықтан, аудан бойынша 36 мың 887 халық тұрады. Қаланың өзінде халық тығыз қоныстанған, бір шаршы метрге 642 адам, яғни орташа тығыздығы бір шаршы метрге 180 адамнан келеді. Мұнда 122 демалыс базасы, 5 демалыс үйі,2 сауықтыру лагері,2 пансионат,1 спорттық кешен бар.
Интернеттегі ашық көздерден алынған мәліметтерді жинақтаған : Раушан Бекмырзақызы.
фото: ашық ақпарат көзінен