Биыл күзде жоғары оқу орындары жатақхана салу жөніндегі алғашқы шарттарды жасап, құқықтық-нормативті құжаттарға қол қойды. 2022 жылдың соңына дейін жатақханада студенттер, магистрант, докторанттар тұратын кем дегенде 75 мың орын дайын болады, деп хабарлайды Qazir.kz ҚР Ғылым және білім министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Бағдарлама бойынша 2019 жыл мен 2022 жыл соңына дейін елде жаңа жатақханаларда кем дегенде 75 000 жаңа орын болады. Бұл ретте студенттерге жатақхана жетіспеушілігі қатты сезіліп жатқан қалаларға басымдық беріледі. Жатақханаға қол жеткізе алмай жүрген студенттер Алматы, Астана, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында көп.
Алматы жастар қаласы. Мұнда оқуға түсуді армандап келетін бойжеткендер мен бозбалалар саны азайған емес. Сол себепті де мұнда 31 218 студент жатақханаға мұқтаж. Астанада 17 633, Шымкентте 8 400 студентке бөлме керек. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында. Мұнда 1375 студент жатақханаға қол жеткізе алмаған.
Орындар дайындау мынадай кесте бойынша жоспарланған: 2019 жылы 5 000 орын; 2020 жылы 15 000 орын; 2021 жылы 25 000 орын; 2022 жылы 30 000 орын дайын болады.
Фото: Facebook