А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы «Дамсинская 2017» сортынан 46,5 центнер өнім алды, деп хабарлайды Qazir.kz
Бұл орталық қызметкерлерінің бірнеше жылғы еңбегінің нәтижесі.Зерттеу жұмыстары 2015 жылы басталған болатын.Бір айта кетерлігі,жаңа сорттың ерекшелігі-төзімділігі жоғары.Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа мен топырақ құрғақшылығына төзімді.Минералды тыңайтқыштармен ылғалдандырған жағдайда мол өнім береді.Экологиялық жаздық далалық түрге жатады.
«Дамсинская 2017» сорты шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді.Макарон түсі және жалпы бағалау бойынша стандартты көрсеткіштен асып түседі.Экологиялық сорт сынақ Солтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп,аталған сорт 46,3 центнер өнім берді.
Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында былтыр жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есе артып 25,5 центнерге жетті.