Биыл екінші рет өткізіліп отырған фестиваль 24 тамыз күні сағат 13.00-де Ұлытау ауданының «Болатсай» өңіріндегі этноауылда салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды фестивальдің ұйымдастыру алқасынан.
Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы және «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіледі. Фестиваль мақсаты – Қазақстанның материалды емес мәдени мұрасын сақтау, қазақ фольклорын насихаттау, туристік кластерді дамыту, халық мәдениетін жан-жақты танымал ету.
Фестивальге Италия, Испания, Сербия, Венгрия және Қазақстан елдерінен 6 кәсіби ұжым қатысады. Олар – «Тоқырауын толқындары» халық ән және би ансамблі (Қазақстан), «Hassak» (Қазақстан), «MORESCA NOVA» (Италия), «CARMEN GUERRERO FLAMENCO» (Испания), «Serbian Abrasevic band» (Сербия), «Dunaj banda» (Венгрия).
Фестиваль аясында концерт, қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетіледі. «Ұлы дала дүбірі» ақындар айтысы өтеді. Фестиваль дәстүрлі ән өнерінің майталмандары, Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысатын гала-концертпен түйінделеді.