«Шаһарларға саяхат» айдарында бүгін көне қалалар қатарына жататын,тарихи оқиғаларға бай – Тараз қаласы жайлы деректермен таныстырамыз.
1.Көне тарих куәсі болған шаһардың бұрынғы атаулары
Тараз шаһарының тарихы жайлы сөз қозғағанда,қаланың тарихы өте ерте заманда,яғни атақты ғалым В.Бартольдтің зерттеулерінде оның іргесі б.э.д.қаланған.
Қасиетті топырақта б.э 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген деп жазылған.
Ал,атаулары Әулие Атадан бастап,Талас,Наманган,Йени-Тараз,Жамбыл,Мирзоян болып өзгерген екен.
2. Қала тарихына қатысты деректер не дейді?
Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.
3.Ежелгі Тараз ірі әкімшілік орталығы болған
Оның өсу мен өркендеуі әйгілі сауда бағыты тарихымен тығыз байланысты болған. Ежелгі Тараз Еуразия тарихында халықаралық сауда ең маңызды орталықтарының бірі, қолөнер, ғылым және мәдениет ретінде ерекше роль атқарды.Көптеген ортағасырлық географтар, тарихшылар мен саяхатшылардың жазбаларына сүйенсек,ол ірі әкімшілік орталығы болды.Тараз - Еуропа мен Азияны жалғастырған Ұлы Жiбек жолының ең елеулi қаласы болып, бүкiл түркi елiнiң экономикасы мен мәдениетiнiң дамуына зор үлес қосқан, әлемнiң бар түпкiрiнен саудагерлер ағылған, таразы сияқты салмақ өлшеу құралы да, ойлап табылған, Шейх Ахмет Тарази сияқты ғұлама ақын өмiр сүрген көне, мәдениетi жоғары дамыған, рухани байлықтың дiңгегi деп лайықты баға берілген.
4.Көне Тараздың 2000 жылдық тарихы бар
Ежелгі Тараз қаласының атаулары жайлы айтқанда оның «Әулие Ата» атануының сырына да тоқтала кетсек,тарихи деректер қасиетті адам атанған Қарахан кесенесінің құрметіне қойылғандығы айтылады. 1938 жылдан бастап,қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың аты берілсе,1997жылы ҚР Президенті Жарлығымен тарихи атауы қалпына келтірілген. 2002 жылы көне шаһардың 2000 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
5. Қаланың бүгінгі келбеті
Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Халық саны – 350 000 адамға жуық. Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар.Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген.
6.Көне тарих пен бүгінді байланыстырсақ
Ежелгі Тараз қаласы – І-ХІХ ғғ. қазіргі Тараздың орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық маңайын қала үйлері алып жатыр. ХХ ғ-дың бас кезінде ұзын қабырғалар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы болған. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалған. Қаланың батыс бөлігінде «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама-қарсы бетте тұр.
7. Кесенелер шерткен сыр
Қалада өткен тарихтан сыр шертетін ертеортағасырлық архитектуралық ескерткiштер күнi бүгiнге дейiн сақталған.
Атап айтсақ, Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.Көне шаһар жайлы шығыстың ұлы жұлдызы Фердауиси «Сергiтер жүрек жарасын, Мөп-мөлдiр көздер қарасын, Тараздан ғана табарсың» деп тегін жырламаса керек.
Қала жайлы ашық ақпарат көздерінен деректер жинақтаған: Раушан Бекмырза.