1. Қала туралы қысқаша мәлімет. Шаһардың іргесі 1949 жылы көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Тентек кентінің негізінде құрылған Шахтинскіге қала мәртебесі 1961 жылы 15 тамызда берілген. Шахтинск – кеншілер қаласы, облыс орталығы -Қарағанды қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. Батысында Абай ауданымен батыста және оңтүстікте Нұра ауданымен, шығыста Сарань қаласымен шектеседі. Қалада 57 мың 140 адам тұрады.
2. Шаһардың өткен тарихынан. Шахтинск қаласы жайлы әңгіме қозғағанда, оның құрамына енетін Долинка поселкасы жайлы тоқталған жөн. Еліміздің тарихында бұл жер 1931-1959 жылдарда Карлагтағы саяси тұтқындардың азап лагері орналасқан орын ретінде мәлім. Қасіретті жылдар еске түскенде Долинканың да бірден ауызға ілігетіні анық. Тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаға жететін Тентек өңірінің қазыналы байлығын игеру өткен ғасырдың 50-жылдарында басталса,бұл кен орнын ашу С. Фишман, Г. Думлер тәрізді әйгілі геолог-ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Ал,қаланың тұңғыш қадасын қаққан Василий Войтухов.
3. Кеншілер қаласының экономикалық дамуы. Шахтинск қаласы Қарағанды облысының өнеркәсіптік ауданы болып саналады. Қаланың өнеркәсіптік базалық саласын қайта өндеу, электрэнергиясын, газды және суды бөлу деп қарастырсақ, оның экономикалық дамуында көмір өндірісі кәсіпорындарының алар орны зор. Көмір өндірісінде «АрселорМиттал Темиртау» АҚ структуралық құрылымдары «Шахтинская» шахтасы, «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин атындағы шахта» шахталарды атап өтсек болады.Электрэнергиясын, газды және суды бөлумен айналысатын аймақтағы жалғыз кәсіпорын болып «Шахтинская ТЭЦ» АҚ табылады.
4. Қаладағы әлеуметтік-мәдени мекемелер. Шаһарда 12 күндізгі жалпы білім беретін мектепте 7 189 мың оқушы білім алуда, 1 колледж және 8 балабақша және 3 шағын орталық жұмыс істейді.Сонымен қатар 9 кітапхана, 4 мәдени мекеме, 1 мұражай, 1 мәдени демалыс паркі қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Шахтинск аймағында 4 емдеу орындары бар: 3 КМҚК (КМҚК «Шахтинск қаласының орталық емханасы», КМҚК «Шахтинск қаласының емханасы», КМҚК «Шахан кентінің емханасы», 1 мемлекеттік мекеме «Шахан кентінің инфекциялық ауруханасы»).
5. Шаһардағы спортпен айналысуға арналған орындар. Шахтинск аумағында 76 спорттық орындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең үлкені: стадион (Шахтинск қ. КГКП «Барс»); 20 спорттық залдар; «Ягуар» спорттық-сауықтырғыш комплексі (ИП Щербаков); 32 спорттық алаңқай; 7 хоккей алаңы (олардың екеуі жасанды жабындымен жабылған). Мұнда спорттың 29 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Қалада ұлттық ат спортын дамытуға арналған «Мустанг» клубы ашылған. Сондай-ақ Шахтинск аумағында балалар мен жасөспірімдерді атқа салт мініп жүруге үйретеді.
6. Қаладағы туризмді дамыту. Туризмнің дамуының басты бағыттарына тоқтала кетсек, аймақта спорттық туризм, мәдени – танымдық туризмді атап өтуге болады. «Долинка кентіндегі саяси – құрбандарды еске алу мұражайы» оның ауданы 3500 шаршы метр. Мұражай ғылыми - әдістемелік жұмыстармен, тарихи – мәдени ақпаратпен кешенді зерттеумен, жүйелендірумен, Карлаг мұражайын сақтау және зерттеумен айналысады. Шахтинск аумағында 5 кешенді ескерткіш бар: «Карлагтың бұрынғы ғимараты», «Техника үйі», «Әйелдер зонасының барагі», «Мамачкин зираты», ТМД қызығушылығын туғызатын тарихи – мәдени туризм.
7. Шаһардың дамуына үлес қосатын кәсіпорындар. Апрель - Құлагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - ет және ет өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және консервілеу бойынша ірі кәсіпорын. Қаланы жылумен, сумен, электрқуатымен жабдықтауды: «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Шахтинскводоканал» ЖШС жүзеге асырады. Ресми деректерге сүйенсек, 2019 жылғы 1 қаңтардың жағдай бойынша қалада 382 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 14 орта, 340 шағын объектілер бар.
Қала жайлы ашық көздердегі деректерді жинақтаған: Раушан Бекмырзақызы.
Фото: ашық ақпарат көзінен.