Дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді,деп хабарлайды Qazir.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұйрық халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында медициналық дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейді.
Дәрі-дәрмектерді (әсіресе антибиотиктер, анестетиктер, миорелаксанттар, нейролептиктер, антикоагулянттар, ақуыз немесе сарысу негізіндегі препараттар, рентгенконтрасты заттар) қолдана отырып, медициналық көмек көрсетудің кез келген кезеңінде қолдануға мүмкіндік беретін, пациентті ауыр аллергиялық реакциялардың дамуынан қауіпсіздендіретін, дәрілік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау үшін түсіну және қолданудың қарапайым алгоритмі ұсынылған.
Таблеткалы препараттарды тағайындаудан бастап реанимацияда ауыр жағдайларға дейін әр түрлі жағдайларда қолданылуға мүмкін болатын, дәрі-дәрмектік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау әдісін таңдау жолдары ұсынылған.
Республикада алғаш рет бастапқы иммундық тапшылық күдігі бар пациенттерді жіберу алгоритмі бекітілді, ол пациенттердің осы ауыр санатына уақытылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.