Денсаулық сақтау министрлігі «Менің сүйікті дәрігерім» атты ең үздік селфилер байқауын жариялайды, деп хабарлайды Qazir.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға еліміздің әрбір тұрғынының қатысуына болады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге қаралған сәтіңіз туралы қазақ немесе орыс тілінде қысқаша мәтін жазуыңыз керек.
Осыдан кейін суретті және мәтінді zdrav_konkurs_2018@mail.ru электронды поштасына жолдап, қатысушы сурет пен жазбаны Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен жарияласа болғаны. Жұмыстар осы жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады.
Байқауға қатысқан кезде өз телефондарыңызды көрсетуді де ұмытпаңыздар. Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады.
Фото: ашық ақпарат көзінен.