Еуразия ұлттық университеті Университеттердің БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесін бағалайтын Times Higher Education University Impact Rankings 2019 жаңа рейтингіне кірді, деп хабарлайды Qazir.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЕҰУ "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу", сондай-ақ "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" рейтингісінің көрсеткіштері бойынша 200-ге енеді.
Сол арқылы Times Higher Education компаниясы ЕҰУ-дың қарқынды дамуына және тұрақты экономикалық өсім, толық және өнімді жұмыспен қамтылуына, сонымен қатар барлық жұмысқа лайықты жәрдемдесуіне жоғары баға береді.
ЕҰУ-дің "Бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар" көрсеткіші бойынша жоғары нәтижесі жоғары оқу орнының тұрақты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғам құруға, барлық деңгейлерде әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге және тиімді, есеп беретін және барлық деңгейдегі мекемелердің кең қатысуына негізделген тиімді жәрдемдесуін куәландырады.
"Білім сапасы", "Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым", "Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік" үш көрсеткіші бойынша ЕҰУ 301+ позицияда тұр.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлем мойындаған мұндай рейтингке енуі тек оқыту мен зерттеу жүргізуге ғана байланысты емес, сонымен қатар ішкі тәжірибе мен саясатты жүргізу арқылы тұрақты даму мақсаттарына бейілділігін көрсетеді.
Бұл рейтингіге енуде Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізудегі жаһандық университеттердің жетістіктер өлшемі бірінші кезекте ықпал етті және оған әлемнің 75 елінен 500-ден астам мекеме қатысты. Бұл орайда ЖОО ақпаратынан бөлек Elsevier компаниясының деректері пайдаланылғанын да айта кеткен жөн.
400-ден астам университет өмір бойы оқу шаралары және бірінші буын студенттерінің үлесі туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынған.
Қорыта айтқанда, Қазақстан үшін бұл білім беру жүйесін жаңғыртудан Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне қосылуы көрінеді. Ендеше, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін бұл әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табу және жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім сапасының әлемдік стандарттарына бағдарлануын білдіреді.