Еуропалық Одақ ҚР Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына типографиялық құрал-жабдықтар табыстап, лингвистикалық кабинет ашты, деп хабарлайды Qazir.kz тілшісі.
Мемлекеттік заң мен тәртіптің сақталуы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы – елдегі тыныштық пен қауіпсіздіктің кепілі.
Мәселен, құқық қорғау органдары «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы» (EUCJ) аясында Еуропалық Одақпен тығыз қатынас орнатқан. 2015 жылы құрылған (EUCJ) консорциумы еліміздің сот саласының дамуына әркез қолдау білдіріп келеді.
Атап айтқанда, Еуропалық Одақ ресми түрде Құқық қорғау органдары академиясына типографиялық құрал-жабдықтарымен лингвистикалық кабинетті ашты. Бұл академия қызметкерлерінің жоғары деңгейде білім алып, оқуға қажетті құралдарды пайдалануына зор мүмкіндік береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде ғылыми-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар да жүзеге асырылды.
Осылайша, «Киркпатрика» әдісін қолдана отырып, Академияның даму перспективаларына талдау жасалды, құқық қолдану практикасының, әрекеттегі заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша тренингтер, танысу және оқытуға арналған шетелдік сапарлар ұйымдастырылды.
Фото академия
Заманауи техниканы қолдану білім беру процесінің тиімділігін арттыратын болады. Лингвистикалық кабинеттерде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бір уақытта бірнеше пәндер мен бағдарламаларды оқуға мүмкіндік бар, ал жоғары жылдамдықты баспаханалық құрал-жабдықтар сапалы полиграфиялық өнімдерді шығаруға жол ашады. Енді құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыспен күрес саласында үздік халықаралық тәжірибеге негізделген жоғары дәрежелі білім алмақ. Академия ректоры Ерғали Мерзадинов Еуропалық одақ пен Академия арасында орнаған серіктестікке ризашылық білдіріп, халықаралық ұйымның өкілдеріне оқу орнын дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.
Британдық «Times Higher Education» білім беру рейтингі ЕҰУ-дің интернационализация саласындағы ең үздік жетістіктерін атады.
2018 жылдың 26 қыркүйегінде британдық беделді «Times Higher Education» рейтинг агенттігі өзінің қорытынды бағаларын жариялады. Беделді рейтингтің талдау-сараптауына еліміздің жоғары оқу орындарымен қатар, көшбасшы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті де енді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.
Әлем бойынша 1258 оқу орны сынақтан өтсе, ЕҰУ 1001+ топ ішінен көрініп, үздіктер қатарынан орын алды.
Жоғары оқу орындарының қызметін талдап-сараптау 13 көрсеткіш бойынша бағаланған. Еуразия ұлттық университеті соның ішінде интернационалдандыру тұрғысынан ең үздік нәтиже көрсетті. Бұл рейтингтің интернационализациясы ең алдымен шетелдік студенттердің жергілікті деңгейге қатынасы бойынша өлшенеді. Содан кейін шетелдік профессор-оқытушылар құрамының жергілікті деңгейге қатынасы және шетел зерттеушілерімен бірге жазған ғалымдардың басылым бетіндегі авторлық мақалалар ескеріледі.
Бұл рейтинг жоғары білім мен ғылым саласына қатысты британдық «Times» газетінің қосымшасы бойынша шығарылады. Әлемнің жоғары оқу орындарының аталмыш рейтингісі жыл сайын ғылым мен білім беру бағдарламаларының деңгейі, шетелдік мамандар мен студенттердің саны және ғылыми мақалалардың дәйектемесіне негізделіп жасалады.
Рейтингтің әдістемесі университеттің рейтингісінде орын алған ұстанымдардың ең маңызды факторларын есептеуді қолданады, оған білім беру және зерттеу қызметі кіреді; сілтеме; индустриядан түскен табыс (инновация); интернационализация.
Бұл рейтингіден қазақстандық университеттердің атқарып отырған жұмысына берілген баға мен ЖОО-ның халықаралық деңгейде танылуын көреміз.
Фото из открытых источников.