29 маусымда елордада «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық экологиялық акциясын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazir.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл күні барлық ниет білдірушілер көп көлемдегі қоқыстарды жинап, оны одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін бірлесе иық тірестіріп жұмыс жасайтын болады.
Экологиялық акция азаматтық бастамалар тазалықты сақтауға саналы көзқарасты ұштастыра отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, сондай-ақ қазіргі заманғы қоғамның тұрақты дамуында керемет табыстарға қол жеткізуге көмектеседі.
Елорданың тұрғындары мен қонақтары қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосу үшін 29 маусым күні сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін акцияға қатысуларына болады. Қатысуға ниет білдірушілер толық ақпаратты мына телефондар арқылы ала алады: 8 (7172) 55-75-74, 55-75-77, +7 701 712 00 71 (ватсап).