Елорда әкімдігі қала тұрғындарын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысуға шақырады. Жәрмеңкелер Сауран 7, «Nova City» ТК және Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Ш.Айтматов) мекен-жайларында әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері 8:00-ден 18:00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Qazir.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде өнімдердің әр түрлі ассортименті ұсынылады: шұжықтар, қышқыл сүт және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, азық-түлік өнімдері және т.б. Жаңа оқу жылының қарсаңында тамыз айының соңына дейін аталған қалалық жәрмеңкелерде және сауда орталықтарында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге «Алтын Адам» тігін фабрикасы, «Elish» тігін цехі сияқты отандық тауар өндірушілері қатысады. Сонымен қатар Орталық базарда 1 тамыздан бері өткізіліп жатқан Мектеп жәрмеңкесінде тауарлар өндірушілер бағасымен сатылуда.