12 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында «Jastar jyly» жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Медициналық қызметкердің күніне орай «Жастар энергиясы – елордалық денсаулық ісінің қауіпсіз болашағы» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтеді деп хабарлайды Qazir.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның басты оқиғасы кезекті медициналық «ALTYN SHIPAGER» сыйлығын табыстау рәсімі десек, онда медицина саласында ерең еңбек еткен үздік дәрігерлер мен қызметкерлер 11 номинацияда марапатталады. Сыйлықты табыстау медицина саласында қоғамдық сананы жаңғыртуға, жас дәрігерлерді қолдау мен қатар отандық денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға бағытталады. Шара ауқымды шоу форматында өткізіліп, концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Шараның ресми басталуына дейін жүргізушілер келген қонақтармен интерактивті ойындар жүргізіп, бүгінгі жиын туралы сұхбаттасады. Қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысушылардан сұхбаттар алып, көкейдегі сауалдарына жауап ала алады.
Салтанатты жиынның ресми басталуы сағат 16:00-де қала әкімі Б.Т: Сұлтановтың құттықтау сөзі мен «ALTYN SHIPAGER» сыйлығын иегерлеріне табыстаудан басталады деп жоспарланған.