2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында, елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адам еңбек ететін 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды enbek.gov.kz
1235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 – орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.
Бұл кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% көтеріліп, 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін өседі.