«Елорданың дидары» айдарынан сіздер тегін скринингтік тексерістен қайдан өту керек,№316 қозғалыс бағдарының өзгеріс уақыты және көлік картасын толтырудың жаңа әдісі жайлы ақпараттармен таныс боласыздар.
Астана тұрғындары скринингтік тексерістен өзі бекітілген қаладағы емхана мен ауруханалардан өте алады. Скрининг тексеруден өту кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі шеңберінде жүргізілуде. Скрининг – бұл ауруды туындататын, сонымен қатар ауруларды ерте кезеңде анықтау, тәуекел факторларын анықтау үшін жүргізілетін медициналық профилактикалық тексеру.
«Скринингтен өту - емдеудің тиімділігін күшейтіп, аурулардың асқынып кетуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Скринингтік тексеріс тізіміне қан айналымы жүйесі аурулары – жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертония, қант диабеті, глаукома және онкологиялық аурулар – сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тоқ және тік ішек обыры енгізілген», - деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Астананың ересек тұрғындарының глюкоза деңгейін, қандағы холестеринді, қан қысымын, көз ішіндегі қан қысымын, онкоцитологияны анықтау үшін жағындыны тексереді, сондай-ақ оларды маммография, колькоскопия, гемокульт-тест және колоноскопиядан өткізеді. Сонымен қатар, скринингке кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, маммолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, проктолог, гастроэнтеролог сияқты мамандардың тексеруінен өту енгізілген.
Профилактикалық тексеріс барысында балаларды жасына қарамастан бойын, дене салмағын анықтайды, басының көлемін және кеуде тұсын өлшейді (3 жасқа дейін), 5 жасқа дейінгі балалардың майтабан, көзінің өткірлігі мен есту қабілетін тексереді, 7 жасқа дейін физикалық және психоәлеуметтік дамуын, қан қысымын өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерді хирург-ортопед, уролог, отоларинголог, невролог, стоматолог, офтальмолог және эндокринолог қарап шығады.
№316 бағдардың қозғалыс интервалы қысқарды
Жалтыркөл және Жібек Жолы ауылдарының тұрғындары үшін 17 қарашадан бастап №316 бағдардың қозғалыс интервалы қысқарады.«Сағат 15:00-де Астанадан және 17:05-те Жалтыркөлден 2 қосымша рейс қосылды. Сағат 18:00-де Астанадан жүретін автобустың жүру уақыты 20 минутқа жылжыды. Рейс 18:20-да жүретін болады», - делінген хабарламада. Аймақтық автобустардың жүру кестелерімен 109 нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) немесе @astanalrt инстаграм парақшасында танысуға болады.
Астана LRT көлік картасын толтырудың жаңа тәсілін енгізеді
Жыл аяғына дейін Астана LRT 100 агенттік нүкте ашпақ. Осындай әр нүктеде арнайы агенттер отыратын болады. Ол NFC функциясы бар гаджет түріндегі құрылғыларды қолдана отырып бір тетікті басу арқылы көлік картасын толықтырып береді. Қолданушыларға арнайы агенттік нүктелерде картаны толтыру үшін карта мен ақша ғана қажет. Гаджет немесе смартфонның да қажеті болмайды. «Жаңалық компанияның көлік карталарын толтыру үшін қолданылатын қымбат тұратын жабдықтарды алуға кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңашылдық қоғамдық көлікте көлік картасын қолданатын барлық тұрғындардың ыңғайлылығы үшін енгізіліп отыр. Бұл тәсіл – көлік картасын толықтырудың қосымша түрі. Қолданыстағы тәсілдер алынбайды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ақпараттар astana.gov.kz сайтынан алынды.
Иллюстративное фото - Анастасия Лебедева.