Ақан Сатаев – кино түсіру шеберлігін дәлелдей білген, көрерменнің сеніміне кірген кәсіби режиссер. Ол комедиядан жалыққан кино сүйер қауымды қандай фильмдермен қуантпақ? «Сиқырлы әлем айдарынан біліңіздер.
«Ақан Сатаевтың үш фильмі экранға шығады»
Біріншісі, «Бизнесмены». 2018 жылдың 1 қарашасында көрерменге жол тартады. Кинотеатрлардан көрсетілетін күнін Ақан Сатаев инстаграмдағы өз парақшасында жариялады. Фильмнің сюжеті КСРО құлағаннан кейінгі кезеңде жеке істерін бастаған еліміздің алғашқы кәсіпкерлері жайында. Достық пен сатқындық, махаббат пен айрылысу, ақшақұмарлық сияқты тақырыптар көтеріледі.
Екіншісі, «Елбасы жолы. Астана». Премьерасы жылдағыдай бірінші желтоқсанда болады деп күтілуде. Фильмнің сюжеті ел астанасын Сарыарқа жеріне көшіру жөніндегі тарихи шешімге негізделген, көрермен кинолентадан елорданың қалай құрылғанын көреді.
Үшіншісі, «Томирис».Түсірілім жұмыстары желтоқсан айында аяқталады, кинопрокатқа қашан шығатыны, әзірге, белгісіз.Сюжеті VI ғасыр көрінісі, Томирис патшайымның өмірге келуінен бастап, хан тағына отыруы,тарихи танымал оқиға парсы патшасы Кирді ойсырата жеңуі туралы. Режиссері – Ақан Сатаев. Бас продюсері – Алия Назарбаева. Томиристі сомдайтын Альмира Тұрсын.
Ақан Сатаев 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақстандық режиссер әрі актер, продюсер.Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетінің түлегі. Режиссерлік жұмысының алғашқы жылдарында жарнамалар түсірумен айналысып табысқа жетіп, тәжірибе жинайды. 2003 жылы «Sataifilm» студиясын құрады. 2007 жылы «Рэкетирдің» бірінші бөлімін түсіреді. Бұл оның алғашқы толық метражды көркем туындысы. Одан бөлек, «Рэкетир 1» - қазақ киносының тарихындағы тұңғыш кассалық фильм (1 млн 200 мың $).
Ақан Сатаевтың фильмографиясы:
- «Рэкетир 1» (2007),
- «Заблудившийся» / «Адасқан» (2009),
- «Ағайынды» сериал (2009),
- «Ликвидатор» (2011),
- «Жаужүрек мың бала» (2012),
- «Бауыржан Момышұлы» сериал (2013),
- «Рэкетир 2» (2015),
- «Анаға апарар жол» (2016),
- «Районы» (2016),
- «Хакер» (2016),
- «Она» (2017).
Мәліметтер @akansatayev парақшасынан, фото www.lofficiel.kz алынды.
Материалды дайындаған Мақпал Аманбай