Қаланың тұрғындары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, кеңес ала алады, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
20 желтоқсанда «NEET жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың жол картасы» мен «Астана жастары» ресурстық орталығы консультативтік кеңес өткізеді. Іс-шара «Азия Парк» СОСО-да өтеді.
Кез келген қала тұрғыны Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және көптеген басқа ұйымдардың өкілдеріне өздерін қызықтыратын мәселелерге қатысты сұрақтарын қоя алады.
Консультацияларды сондай-ақ заңгер мен психолог жүзеге асырады. Бұл іс-шараның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, оларға нақты мәселелер бойынша кеңес беру арқылы мемлекеттік бағдарламалардан хабардар ету, жекелей сұрақтар бойынша қала тұрғындарына көмектесу.
Источник: astana.gov.kz