Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу шеңберінде "Центр исследований и консалтинга" ЖШС қала әкімдігімен бірлесіп "Нұр-Сұлтан – таланттарға арналған магнит" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын осы іс-шараға қатысуға шақырады. Іс-шарада отбасы, білім беру мекемелері,жұмыс орындары, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй, қауіпсіздік, медицина, тұрмыс, бос уақыт үшін жағдай туралы тақырыптар көтеріледі.
Талқылау барысында сіз 2050 жылға дейін елорданы дамытуға қатысты өз көзқарастарыңыз бен ұсыныстарыңызды бөлісуіңізге болады. Оған қала әкімдігінің түрлі басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлік өкілдері қатысады.
Іс-шара 20 маусымда сағат 9.30-дан (10-ға дейінгі кофе-брейк) 13.00-ге дейін Сарыарқа 8 мекен-жайында Park Inn Hotel Astana қонақ үйінде өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша Тұрсынов Максатқа maksat@crcons.com электронды поштасына немесе 8 701 655 1860 телефонына хабарласа аласыздар.