Қазір Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » ҚР Заң жобасына, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемін 1,5 есеге яғни 42,5 мың теңгеге көтеру туралы өзгеріс енгізілген, деп хабарлайды enbek.gov.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмен жалақы алатын жұмысшыларды анықтау үшін аймақтарда және экономиканың салаларында жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың жалақысына қатысты зерттеу жүргізген.Зерттеу қортындысы көрсеткендей, елімізде 64 753 заңды тұлғада еңбекақы көлемі 42,5 мың теңгеден төмен 477 066 адам жұмыс істейтіні мәлім болды.
2 250 ірі кәсіпорында 1 871 мың адам жұмыс істесе, оның 645 мыңы 80 мың теңгеге дейін көрсеткіште жалақы алады, 176 мың адам – 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, 163 мың адам- 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жалақы алады. Осылайша ірі кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың 1 миллионы орташа еңбекақыдан төмен жалақы алып отыр.Шағын және орта бизнесте 2 млн жұмысшы 50 мыңнан 120мың теңгеге дейін жалақы алады.
Салалық келісім бойынша, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті өндірісте істейтін бірінші(одан да төмен) разрядтағы жұмысшының ең төменгі айлық көлемінің тариф мөлшері салалық коэффицентті көтеруге ең төменгі еңбекақы көлемін арттыру жолы арқылы жұмыс берушімен бекітіледі.
Осыған сәйкес, ең төменгі еңбекақыны көтеру аясында еңбек жағдайлары зиянды өндірісте істейтін 380 мың жұмысшының жалақысы өседі.
Жалпы ең төменгі еңбекақыны көтеру экономикадаға орташа жалақыны өсіруге себін тигізеді. Осылайша 2019 жылдан бастап орташа жалақы көлемі 162 075 теңгеден 176 865 теңгеге артады.