«Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол»
Сейсенбі күні «Замандас» айдары бойынша алғашқы ұсынылып отырған сұхбатымызда өздері жеке кәсібін ашып қана қоймай, қаншама замандастарына да шарапаты тиген отбасы жайлы таныстырмақпыз.
Ұлы дала бойындағы туысқандық іздері
Замандас. Бұл айдардағы кейіпкерлер жайлы біз емес, атқарған істері мен жүрген жолдары, ізденістері жайлы өздері таныстырмақ.
Қазақ ғарышы немесе Қазақ елі «ғарыш державасына айнала ма?
«Тәуелсіздік жылдарында өзіміздің жер серіктеріміз дөңгеленген дүниені шарлап, Қазақстанның телекоммуникация саласының қарқынды дамуына ықпалын тигізуде. Өйткені ғарыш – бұл ең жоғары технологиялық сала және ол өзінен кейінгі барлық саланы алға сүйрейді. Содан кейін ғарышқа енбей, біз дамыған 30 елдің қатарына еш кіре алмаймыз» Бұл туралы толығырақ «Замандас» айдарынан таныса аласыздар.
Тұрсынгүл Жақыпова: «Балық та балаң сияқты баптап өсіргеніңді қалайды»
Биылғы жылдың мамыр айында өткен отандық өнім дәстүрлі көрмесін тамашалай жүріп, көпшіліктің кезекке тұрып алып жатқан өніміне көз салсақ, кәдімгі бекіре балықтары. Оны сонау Маңғыстаудан арнайы көрмеге алып келген «Қазақ бекіре» ЖШС ғылыми –өндірістік кәсіпорны директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Тұрсынгүл Жақыповаға Qazir бірнеше сауалдар қойып «Замандас» айдарына арнайы жазып алған болатын.
Қуандық Шамахайұлы: «Мен әу баста журналист болып жаратылған адам шығармын...»
Елдегі және әлемдегі саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени-рухани оған қоса табиғи құбылыстар жөніндегі де ақпаратты жұртшылыққа дер кезінде жеткізіп, үлкен ғылыми зерттеуді қажет ететін сала- журналистика саласы. Бүгінде сол журналистиканың қара қазанында қайнап, жалындаған отты әр тақырыпқа сай өткір пікірлерімен көсеп жүрген мамандар саны артып келеді. Олардың қатарында аға буын өкілі, бүгінгі замандас және осы саланың шыңына шығып, құдіретін сезінуді армандап жүрген өкше басар бүгінгінің жастары да бар. Журналистиканың дамуына ғылыми зерттеулерімен үлесін қосып жүрген замандас ағаларымыздың бірі- ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Мадридтегі халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы.
Самғау Нәсіпханұлы: Ата кәсібімді Астанада жалғастырдым
Бүгінде ерекше ісмерлігімен жұртшылықтың сұранысын қамтып, елінің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміз аз емес. Олардың қатарын мемлекеттік қолдауларды игере білген, шағын және орта бизнес иелері толтыруда. Міне осындай кішігірім бизнес әлемінің қара қазанында қайнап, елім деп еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі-Самғау Нәсіпханұлы. Ата кәсібін жалғастырып, оның сапасын арттыруда көптің алғысын алып жүрген Самғаудың бүгінгі міндеті: шағын ғана өндіріс ошағын келешекте үлкен зауытқа айналды
Мират Жакеев: Арманым - әлем чемпионатында алғашқы үштікке кіру
Тарихы тереңнен бастау алатын дойбы ойыны сонау 19 ғасырларда қазақ даласында кеңінен тарағандығы айтылады. Оған дәлел, қазақтардан сол заманда дойбыдан алғашқы чемпион, ұлы Абайдың немересі Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың болғандығы. Содан бері елімізде, діттеген биігіңе зерделі ойыңды сабақтай отырып жетуге жетелейтін дойбы ойыны арқылы танылған спорт шеберлері аз емес. Сондай бүгінгі ел мақтаныштарының бірі, дойбыдан әлемнің 9 дүркін чемпионы, Азия біріншілігінде қазақтың тұңғыш гроссмейстері атанған замандасымыз Мират Жакеевпен, бүгінгі «Замандас» айдарынан таныса аласыздар.
«Олар — антқа берік болғандар еді...»
Зымыран жылдардың қанатында жылжыған жылдар, аунаған айлар мен көшкен күндер тарих парағынан орын алған оқиғаларды күн санап алыстатып барады. Алайда, осы бір шежірелі парақтың бетінде қалған өмір шындығы адамзаттың жадында! Ананы баласынан, аруды сүйген жарынан, сәбиді әкесінен айырған жиырмасыншы ғасырдың қанды қасабы — Ауған жеріндегі соғыс. Қазақтың талай боздағының туған жерге қаралы табытпен оралғанын ұмыту мүмкін емес. Оған да 30 жыл болып қалыпты. Осыған орай Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі мен облыстық газет ұжымы жаңа жобаны қолға алған болатын. Бұл жайлы бүгінгі «Замандас» айдарынан оқи аласыздар.
Ғылым жолы тазалық пен шыдамдылықты қажет етеді
Сонау қиын-қыстау кезеңдері де ғылыммен айналысып, елге танылған Шоқан, одан бергі советтік кезеңде еңбегімен еленген Әлкей Марғұлан, бүгінгінің ел таныған археолог-ғалымы Зейнолла Самашев сынды ғалымдарымыздың есімі ел есінде. Осындай ғұламаларымыздың сара жолын бүгінгі жас ғалымдарымыз жалғауда. Олардың бірі-археолог, тарихшы Рахымжанов Қалжан Қайратұлы. Міне, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тумасы,қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты атанған Қалжан, бүгінгі «Замандас» айдарының кейіпкері.
Антқа адалдық – ардың ісі
Бүгінгі «Замандас» айдарынан ел тыныштығын сақтауда ерен еңбегімен құрметке бөленіп жүрген қарағандылық тәртіп сақшысы жайлы әріптесі жазған мақаланы ұсынып отырмыз.
Қайда беттеп барамыз, кімнен үлгі аламыз?
Екі айдан астам уақыт біз «Замандас» айдарында осы сауалға жауап іздедік. Бүгін сол сырлы сұхбаттар мен өзіндік ойын жеткізген кейіпкерлеріміз жайлы топтама материалдарды жарияламақпыз. Мақсат- біз үлгі алатын жандардың арамызда жүргенін көпшілік оқырманымызға жеткізу,ой тастау. «Замандас» айдары бойынша алғашқы ұсынылып отырған сұхбатымызда өздері жеке кәсібін ашып қана қоймай, қаншама замандастарына да шарапаты тиген отбасы жайлы таныстырмақпыз.
Қазақтың қоңыр үнді Қорабайы
«Әрине, біздің таныстығымыз сырттай болса да бұдан да ертерек басталған еді. Ол кезде Жаңаарқа өңірінде Республика көлемінде танылып келе жатқан жас дарын иелері екеу болса соның бірі дүлдүл әнші Қайрат Байбосынов, екіншісі сырбаз да талғампаз әнші, сырлы сазгер Қорабай Есенов болатын» -дейді өткен мен бүгіннің арасына өнермен алтын көпір салған арқаның ардақты азаматы жайлы қалам тербеген замандасы,тарихшы Дәурен Ескекбаев. Биыл 70 жасқа толып отырған сазгердің дәл бүгін Жезқазған қаласында өнерсүйер қауымға арнайы концерті өткізілетінін де естеріңізге сала кетейік.