Кешiрiм
Рамазан айы басталар алдында күн сайын қара сөзбен де, өлең шумақтарымен де кешірім өтінген хабарламалар келіп жатты. Әлеуметтік желі де күн құрғатпай бұл қасиетті айдың кешірім мен төзімділікті қажет ететінін жариялайтын жазбаларға толы болды. Шындығында біздің әрқайсымыз өзімізге зиянын тигізен жағдайларды есімізден тез шығара аламыз ба, «кең болсаң-кем болмайсың» -деген мақалдың мағынасын қаншалықты түсініп жүрміз, сөзіміз бен ісіміз бір жерден шыға ма? Бүгінгі жексенбіде алғаш дайындалып отырған «Сырласқым келеді» айдарында көкейдегі осындай сауалдарға жауап іздеп көрелік ...
Танымалдық сыры мамандықты таңдай білуге байланысты ма?
Танымал адам болу мамандығыңды дұрыс таңдай білуден , жүрек қалауымен айналысқан ісің ғана нәтиже беріп, жетістіктерге жетуге болады деп ойлайтынымыз рас. Қаншама жылдар мамандығына адалдықпен қызмет атқарып келе жатқан жандар қалай ойлайды, сол мамандықты таңдауға оларға кім ықпал етті, жақсы адамнан-жақсы маман шыға ма? – деген сауалға жауапты бүгінгі «Сырласу» айдарында бірге іздеп көрелік...
Қаптаған «жұлдыз» маңайда, журналист болу оңай ма..?
Бұрындары әр саланың маманы өз жұмысымен айналысып, өз дәрежесіндегі кәсіби маман екені жұртшылық тарапынан мойындалып, бағаланатын. Бүгінде белгілі бір салада қызмет атқару үшін, жоғары оқу орынын бітірудің қажеттілігі шамалы. Өйткені: «Жоғары білімім бар бірақ, мамандығым бойынша қызмет атқармаймын» дейтін жандарды көптеп кездестіретін болдық.Мұның себебі неде..? Бір ғана журналистика саласын алып қарайтын болсақ, арнайы оқымасам да, тоқығаным жетеді дейтін журналистердің қатары жетіп артылады. Бұл дегеніміз журналистке қойылатын кәсіби талаптың төмендегені ме,әлде заман талабының өзгергені ме? Мереке алдында бұл тақырыпты «Сырласқым келеді» айдарында таразылап көрейік.
Жанғали Жүзбаев: "Домбыраның қоңыр үні адамның жүрегін тазалайды!"
«Домбыра тартқан адам пәндәуи қиянатқа бармайды, кісіге қасақана жамандық жасамақ түгілі, ол туралы ойламайды да. Өйткені домбыраның алқоңыр үні жүрекке махаббат болып егіледі, жанға рухи дауа боп дариды. Күй тыңдаған адамның ниеті-пиғылы жамандық шақырмайды, домбыра сазының сәулесі жүрекке қонақтайды. Міне сондықтан да өзіндік тылсым үнімен жан баласын еліте алатын асқан құдіретті күшке ие аспаптың үнін қастерлеп, құрметтеген адамның жан дүниесі ешқашан тазалығынан айнымайды». Бұл киелі домбыраны дәріптеп, оның мүмкіндігін шертпе күйлерімен халыққа жеткізіп жүрген дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаевтың айтқаны. Ағамыздың бұл сөзін бүгінгі мақаламның бастауына тұздық етіп отырғанымыз,өздеріңізге белгілі биыл тұңғыш рет ұлтымыздың мәдени-рухани қазынасы- «Ұлттық Домбыра» күнін тойлаудамыз. Міне, осындай ерекше мерекемізге арнап, домбыраға тіл бітіре шертудің шебері, күйші Жанғали ағамыздың жұмыс орнына арнайы ат басын тіреп, «Ұлттық домбыра» күнінің маңыздылығы жайында сыр шертісіп қайтқан едік. Бүгінгі «Сырласқым келеді» айдарында Qazir оқырмандарына осы сырлы сұхбатты ұсынып отыр.
ӨЗГЕ ӘҢГІМЕ
Бүгінгі «Сырласқым келеді» айдарында трендке айналған «оқу» барысы және кітаптың коммуникативтік игіліктері жайлы - Ислам Сұңқар.
АКВАРИУМ – АЛТЫН БАЛЫҚ – АЙДЫН
Бүгінгі «Сырласқым келеді» айдарынан боямасыз өмірді қаз қалпында шынайы суреттеген жазушы Заря Жұманованың әңгімесін ұсынамыз.
Адами аксиома: әр адам бақытты
Күнделікті күйбің тірліктің жетегінде кетпей, жан рахатын сезіне білудің өзі өзгермейтін құбылысқа айналғанда ғана ісіңнің берекесі кіріп,бақытты боласың. Бақытқа бәрі сыйғанмен ол бір орында тұрмайды. Әркімге бұйырған бақыттың формасы әр түрлі, тек оны сезіне білу қажет. Қай сала болмасын, бизнес, тұрмыс, тірлік, ата-аналық борыш, адами аманат – барлығының татымды нәтижесін тек бақытты бола білсең көресің.
Бақытқа сенсең – бөленесің, қабылдай білсең – сезінесің, бағалай білсең – бөлісесің. QAZIR-мен бұйырған бақыт жайлы сырымен бөлісетін - Гаухар Утелбаева бақыт, бизнес және борыш жайында «Сырласқым келеді» айдарында.
ӘСИЯ ТИКЕЕВА: БАҚЫТТЫҢ ТӘТТІСІ, СЫНАҚТЫҢ ҚАТТЫСЫ
Қайырлы істің де қоғамда орын алып отырған алуан мәселелерді шешуде қауқарлысы бар, әлеуметтік тұрғыдан әлсізі бар. Жәрдемдесу жолдарының да озығы мен тозығы бар. Аса ерекше күтімді қажет ететін балалардың да бұл өмірден өз орнын табуларына атаулы көмекпен бөрілетін санаулы қаражат жеткілікті ме? Ерекше балалардың білім алудағы қажеттіліктері қалай өтелуде? Бала басына түскен тауқыметке ананың төзуіне қандай қолдау көрсете аламыз? Бұл мәселелерді жан-жақты талқыға салып, QAZIR-мен әңгімесінде ойымен, тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөліскен Тикеева Әсиямен сұхбат «Сырласқым келеді» айдарында.