Дәстүрін дәріптеген ел озады
Бейсенбі сайын берілетін «Ұлттың тірегі –дәстүр» айдарының бүгінгі санында дәстүрімізді ардақтап, жас ұрпақтың бойына сіңіруде өткен мен өткен мен бүгіннің арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсетіледі.
Қазақ ертегілеріне шетелдіктер неге құмар?
«Теледидар, компьютер түгілі, электр жарығы жоқ қараңғы қазақ ауылдарында туып-өсіп, бала кезінен ата-әжелерінің ертегілері мен батырлар жырларын естіп өскен аға ұрпақтың сөз өнерін кие тұтып, ұлттық қасиеттерімізді көзінің қарашығындай сақтап, “соңғы жаңқасы қалғанша” халқына, еліне адал қызмет етіп өткенін де, қазақ балаларының ұлттық бастау-бұлақтан алшақтап, қатыгездікке, безбүйректікке бейімделіп бара жатқанын қазақ қаламгерлері жазудай-ақ жазып жатыр. Бірақ олардың жан айғайы желге кетіп жатыр ма, жоқ елге жетіп жатыр ма? »- деп көптің көңіліндегі сауалға жауап іздеген жазушы Заря Жұманованың ой толғаныстарын бүгінгі «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарынан оқи аласыздар.
ЖЫЛАҒАНДЫ ЖҰБАТА БІЛУШІ ЕДІ....
Бүгінгі «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында белгілі әдебиет сыншысы, көрнекті қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың жары, журналист, аудармашы, танымал жазушы Шәрбану Бейсеновамен сұхбатқа сыйластықтарына сызат түсірмей, сәулелі ғұмыр кешкен қос қаламгердің рухани әлемі мен отбасылық құндылықтар жайлы естеліктері арқау болған.
“Бүкіл әлемнің сырқаты кейде бір жазушының басына жиналады»...”
«Онымен ешқашан жүздескен емеспін… Өйткені саясат қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатқан Алматыдан шалғай Арқа жағында көп жылдар бойы тұрдық. Әлі есімде, тоқсаныншы жылдардың басында “Ана тілі” ұлттық апталығы қарапайым қазақтардың қолынан түспейтін. Әсіресе, ондағы “Қазақ, қайда барасың?” айдарымен жарияланған мақалаларды іздеп жүріп оқимыз. Марат Қабанбайдың шамырқанған шабытпен жазылған ұлттық рух пен найзағай намысқа толы публицистикалық дүниелерінен еркін ойдың иісі аңқитын. Бұлқынған бұла таланттың қаламынан бұрқырай төгіліп жатқан өткір де батыл сөздер көптің көкейіне қонып, көңіліне түрлі ой салатын.» Халықаралық Андерсон атындағы сыйлықтың Орта Азиядағы жалғыз лауреаты,ұлттық публицистикада өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген, қара сөздің Қабанбайы атанған қаламгер жайлы Заря Жұманованың эссесін журналистика мерекесі күні арнайы жариялап отырмыз.
Рухани жаңғыру және ұрпақ тәрбиесі
«Байқағанымыз – жаңғыру, реформа туралы ақпараттық хабарларда да, тақырыптық бағдарламаларда да жүргізушілердің (спикерлердің), онсыз да түсінікті мәселені, әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерді сыдыртып айтуы әдетке айналған сияқты. Және көп жағдайда қазіргі кездегі ахуалды тілге тиек етіп, шиырлап айту басым. Яғни, рухани жаңғырудың қазіргі буын қолға алып, келер ұрпақ кемелдендіріп, Отанымызды озық елдердің қатарына енгізуі үшін атқарылар міндетті белгілейтіні басты назарда болуы ұмыт қалғандай.
Ұсынылып отырған реформа – қызыл сөз үшін еместігіне, оны шын мәнінде жүзеге асу үшін іске кірісу керектігіне, ол істің маусымдық сипатта емес, тұрақты болуына, осындай істер арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігіне көңіл аудару жағы жетіспейтіні байқалады» Бұл жайлы толығырақ «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында жазушы Камал Әлпейісованың «Рухани жаңғыру және ұрпақ тәрбиесі» атты зерттеу мақаласынан оқи аласыздар.
«Туған жерге тағзым» немесе этнографиялық зерттеулер
Бүгінгі «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында «Қасиетті Қазақстан», «Рухани мұраларды жинау, есепке алу» мақсатында Қарағанды облысының Шет және Жаңаарқа аудандарында ұйымдастырылған экспедициядан тарих ғылымдарының кандидаты Дәурен Ескекбаевтың жолсапар баянын ұсынып отырмыз.
«ШЫҒЫСҚА БЕТ БҰРУ - ӨЗІМІЗДІ ҚАЙТА ТАБУДЫҢ АМАЛЫ»
Философия ғылымдарының докторы, Халықаралық Білім беру Корпорациясының профессоры Қалас Жамаловпен сұхбат «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында.
Бекен Қайратұлы: "Мен атамекенге қалай келдім?"
«Тарбағатайға баратын себебім: Қазақстанға көшуді ойлаған күннен бастап «Қайда баруым керек?» деген сұраққа басым қатты. Содан ҚазССР энциклопедиясы дейтін 12 томдық зілдей кітапты екі апта ақтарып қоныс іздедім. Сол кітапта: «Кеңес заманында құжат-қағаздары қазақ тілінде жүргізген жалғыз аудан бар. Ол – Тарбағатай» деп жазылған екен. Осы сөз менің ол жаққа атбасын бұруыма себеп болды. «Қайда барсам да, қазағы тұнық жерге барайын». Бүгінгі Ата заң мерекесі күні атажұртын аңсап алғашқылардың бірі болып жеткен әріптесіміз «Егемен Қазақстанда» қызмет атқарып жүрген танымал журналист Бекен Қайратұлының ой-толғанысын жеткізетін мақаласын жариялап отырмыз.