Жарналардың біраз бөлігі Астана және Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан түсуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
МӘМСҚ-да белгілі болғандай, 2018 жылдың 1-30 қараша аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қараша аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер аударған жарналарының жалпы сомасы 122,47 млрд теңгені құрады», - делінген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс департаменті таратқан хабарламада.
Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілерге, 8,64 млрд теңгесі (шамамен 7%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін адамдарға тиесілі. Түсімдер сомасының көп бөлігі Астана және Алматы қалаларынан және Қарағанды облысынан түсуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен барлық түсімдер (МӘМС) Ұлттық банкте сақтаулы. Банкпен сенімгерлік басқару бойынша шарт жасалып, кейіннен ОСМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталады.