«Цифрлық Қазақстан» МБ - сы денсаулық сақтау саласында
«Қоғамдағы үш анық» айдары денсаулық сақтау саласындағы жаңа өзгерістер мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндайды.
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа өзгерістер....
«Қоғамдағы үш анық» айдары бүгін сіздерге осы жылдың 1-шілдесінен бастап жүзеге асырылатын зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер жайлы арнайы дайындалған сұхбатты ұсынады.
Жаз жайнатып,күн күлдіріп...
Еліміз бойынша бірінші маусымнан бастап 1 жарым миллион балаға арналған 12,5 мың мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастап та кетті. Жаз бойы 125 қала сыртындағы және 2000-ға жуық шатырлар, спорттық киіз үйлік лагерьлер жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жайлы бүгінгі «Қоғамдағы үш анық» айдарында.
Менингит туралы не білесіз?
Қазақстан бойынша жыл басынан бері 10-нан аса адамның өмірін жалмаған қауіпті дерт мамандардың айтуынша әр 10-12 жылда бір өршіп тұрады екен. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс балалалар инфекционисі Әділ Қатарбаевтың тілшілерге берген сұхбатында айтылған. Маман дерттің ендігі өршу қаупі 2025-2026 жылдарына тұспа-тұс келуі мүмкін екендігін де болжап отыр.Себебі 2014 пен 2015 жылдары бұл дертке шалдығып тіркелгендер саны 400-ден асқан.
Eл арасында дүрбелең тудырған инфекциялық дертке қатысты ақпарат, бұқаралық ақпарат көздерінде аз жазылып жатқан жоқ. Оның себебі бұл ауруға шалдыққандарды өлімге жеткізуі, жалпы мамандардың айтуынша адамдардың өзінің салғырттығынан екен. Осыны ескере келе,Qazir оқырмандарына менингит қаупі,одан сақтану жолдары туралы арнайы маманнан алған сұхбатымызды «Қоғамдағы үш анық» айдарында жариялауды жөн көрдік.
Дипломмен ауылға – болашаққа деген сенім…
Алтын бесігіміз ауылды көркейтіп, сол жердің жастар идеясымен нығаюына жол ашқан, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының ауқымы кең. Оның аясында көп жастар жұмыспен қамтылып, қаржылай көмек алуда.Айтар болсақ, 2016 жылы 2 892 жас маманға 8,6 млрд теңге, 2017 жылы 3 412 маманға 11 млрд теңге бөлінсе, осы жылы 3786 маманға 13,7 млрд теңге бөлу көзделгендігі мәлім. Ал алдағы 2019 - 2021 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қалыптастыру шеңберінде,осы бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі қаралатындығы тағы белгілі болды. Бүгінгі «Қоғамдағы үш анық» айдарында аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы жайында сөз қозғамақпыз.
Жасампаздық пен жарқын істердің бастауына айналған елордасына - 20 жыл
Астананың ерекше ғимараттарына келсек,бүгінгі күнге дейін 1428 нысан бой көтерген.Соңғы 20 жылда қаланың ЖІӨ-і 190 есе өсіп 5 триллион теңгені құрап отыр. Ал өнеркәсіптік өнім көлемі 30 есеге артса, жалпы инвестициялардың жылдық көрсеткіші 44 есеге өсіп 858,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл жайлы толығырақ елордамыздың 20 жылдығына арнайы дайындалған «Қоғамдағы үш анық» айдарынан таныса аласыздар.
Онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа тәсілдері
«Қоғамдағы үш анық» айдарында қатерлі ісік ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері мен оның алдын алу шаралары жайлы сөз болады.
Білім беру саласындағы жаңа өзгерістер
Құрметті Qazir оқырмандары, өздеріңізге белгілі мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерімізді орта білім беру ордаларына қабылдау науқаны 1-ші маусымнан басталды. Әрине қыркүйекте басталатын жаңа оқу жылына құжат тапсыру үрдісі жылдағы дәстүр бойынша осы кезеңде жүргізілетіні бәріне мәлім. Сондықтан бұл жаңалық емес. Десе де, биылғы мектепке қабылдау жұмысына енгізілген біршама өзгерістер ата-аналарды қуантары анық. Бұл туралы толығырақ «Қоғамдағы үш анық» айдарында.
Жәрдемақы тағайындау жүйесіне енгізілген жаңа өзгеріс....
Қадірлі оқырман, биылғы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, жәрдемақы тағайындау жүйесіне өзгеріс енгізілгені өздеріңізге белгілі.Қазіргі уақытта «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 25 маусымдағы №63 заңына өзгерістер мен толықтырулар әзірленген.
Енді осы жаңа қызмет - туғанынан бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының тағайындалуы туралы біз, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Игембаева Сәуле Зарубекқызынан сұрап білген едік.
Мемлекеттік гранттар бөлінуде қай мамандықтарға басымдық берілді?
Елбасының тапсырмасына сәйкес, осы жылы елімізде мемлекеттік тапсырыс көлемі 20 мың грантқа көбейген-ді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, атап айтсақ, ақпараттық технологиялар, робот техникасы, нанотехнологиялар саласы бойынша маман даярлауға бағытталды. Ал 5000 грант нарыққа қажет басқа да мамандықтарға, тағы 3000-ы магистратураға, қалған 1000-ы PhD доктор даярлауға бөлінген. Толығырақ «Қоғамдағы үш анық айдарында.
Мұғалім беделін өсіруге бағытталған бетбұрыс басталды ма?
Мұғалімдер қағасбастылықтан босатылып, 5 құжат қана толтыратын болады, жалақы қаншаға өседі, сұранысқа ие болмай қысқартылған мамандықтар жайлы толығырақ «Қоғамдағы үш анық» айдарынан біле аласыздар.
Елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жалғасуда
Қыркүйектің 15-інде басталған бұл шара әдеттегідей екі айға созылып, 15-қарашада аяқталады.
Жансұлтан Матаев: «Бүгін 364 астаналық отбасы баспаналы болмақ».
Нарықтағы бағадан екі есеге төмен тұратын 364 пәтердің иесін анықтау үшін астанада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі конкурс жариялады. Конкурс нәтижесі бүгін шығарылатын болады. Бұл пәтерлер «Нұрлы Жер» МБ –сы аясында үлестірілмек. Ол туралы Елордалық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) Орталық филлиалының директоры Жансұлтан Матаев арнайы БАҚ өкілдеріне өткізген шарада мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек Qazir тілшісі Жансұлтан Матаевтан мемлекеттік бағдарлама аясында халыққа берілетін пәтерлердің жалпы саны мен құны және жарияланатын конкурстың талаптары жайында сұрап білген болатын.
Астанада «жақсы дәрігер» бар ма?
Өзінен гөрі өзгенің денсаулығына алаңдап, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей кезекшілікте отырып,сан түрлі аурудың бетін қайтару үшін күрделі ота жасап, уақытпен санаспайтын дәрігерлер жайлы қоғамда көзқарас қандай? Адам өмірін ажалдан арашалап жүрген жандардың еңбегі лайықты бағаланып жүр ме? Бұл сауалға жауапты екі күн бойы «Sultan magazine» борттық журналы және №2 Астана қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы, «Нұр Отан» партиясы бірлесе өткізген «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі кезінде біз де іздеп көрдік.
Мырзабек Мырзашұлы: «Болашақ дәрігерлерді адалдыққа тәрбиелейміз»
Жалпы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту арқылы бюрократияны жойып, сапаны арттыру алдағы жылдарға жүктелген міндет. Осы орайда сапалы медицина білікті мамандар қолында десек,ал оның іс жүзінде жүзеге асуы, бүгінгі кадр дайындайтын медициналық ЖОО-дарының үлесінде. Бұл жайында қандай жаңашылдықтар бар деген сауалды біз,еліміздің ірі оқу орындарының бірі, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның Басшысы, ректор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлынан сұрап білдік.
Келер жылы тарифтер төмендетіледі
Премьер-Министр 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясы мен жылуға ғана емес, су, газбен жабдықтау, кәріз, телефон байланысы және интернет қызметтеріне тарифтердің төмендеуі керектігін атап өтті. Сонымен қатар ПИК тарифтерін қайта қарау керек. Бұл жергілікті әкімдердің құзыретінде. Бұл орайда, тарифтердің төмендеуі монополистердің көрсететін қызметтерінің сапасын төмендетпеуі тиіс, олардың өндірістері уақытылы жаңғыртылып отыруы керек. Құрылған Жұмыс тобы осы бағыттарда жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлайды primeminister.kz. Ол үшін Үкімет басшысы жеті тапсырма берді:
Жастар қалай жұмысқа орналасуда?
«Еңбек» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар 20,3 мың адам деп есептелсе,ол негізінен оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған,- деп хабарлайды enbek.gov.kz
Келер жылы қандай жолдарда ақы алу жүйесі іске қосылмақ?
Биылғы жыл қорытындысы бойынша 528 шақырым жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Орал-Тасқала – 73 км, Қордай кентінің айналма жолы – 40 км, Бейнеу-Ақтау – 60 км, Балпық би-Талдықорған және Сарқандты айналып өту – 40 км жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, -деді «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы Үкімет отырысында баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның айтуынша, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелерін іске қосу жоспарлануда.
Елордада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
Астана әкімдігінің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында елордадағы «Бигшанхай» базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
«Сіздер нені күтесіздер?» - әлеуметтік плакаттар көрмесі
Осындай тақырыпта 2018 жылғы 23 қарашада сағ 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «InDiGo» жеке көркемөнер мектебі оқушыларының әлеуметтік плакаттар көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
Нидерландтық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларды несімен тартатынын айтты
Нидерландтық кәсіпкер, "Грин Капитал Қазақстан" ЖШС басшысы Алевен Диедерик Теодорик Ақтөбе облысының шетелдік инвесторларға несімен тартымды екенін айтты. Ол сондай-ақ жергілікті билікке Ақтөбе қаласындағы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Qazir.kz
Астанада жыл сайын әлеуметтік көмекке бөлінген 5 млрд кімдерге беріледі?
Елордада қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді, тұрақты негізде әлеуметтік қолдау және өмір сапасын арттыру жүзеге асырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
2022 жылы 75 мың жас жатақханамен қамтамасыз етіледі
иыл күзде жоғары оқу орындары жатақхана салу жөніндегі алғашқы шарттарды жасап, құқықтық-нормативті құжаттарға қол қойды. 2022 жылдың соңына дейін жатақханада студенттер, магистрант, докторанттар тұратын кем дегенде 75 мың орын дайын болады, деп хабарлайды Qazir.kz ҚР Ғылым және білім министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік қызметші біліктілігін қалай бағалауға болады?»
Мемлекеттік қызметшілерге қатысты түрлі сын пікірлердің айтылып жүргеніне де аз уақыт болған жоқ. Олай болатыны, мемлекеттік қызметші биліктің халық арасындағы өкілі екендігінен шығар.
2021 жылы Қазақстан 5 G интернетпен толық қамтылады
Алғашқыда жоғары жылдамдықты интернетпен пилоттық жоба ретінде Алматы қаласы мен облысы және Астана қаласы мен Ақмола облысы қамтылады. Кейін кезең-кезеңімен аймақтарға тарайды. Бұл туралы бүгін «IOT Astana 2018» екінші халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды 24 kz.
Астанада ісін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа алаң ашылады
Бұл қаланың стартап-қауымдастығын дамыту мен қолдауға мүмкіндік береді.
2019 жылы қазақстандық жүргізушілер жаңа құжат алуы тиіс
Қазақстанда 2019 жылдың шілдесінде жүргізушілер үшін жаңа құжат - көлік құралының электронды паспортын рәсімдеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2019 жылы орташа жалақы көлемі 162 075 теңгеден 176 865 теңгеге көтеріледі
Қазір Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » ҚР Заң жобасына, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемін 1,5 есеге яғни 42,5 мың теңгеге көтеру туралы өзгеріс енгізілген.
2019 жылы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде барлық мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының 191 мың жұмысшылардың жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтереді.
Астанада «Business Lady Qazaqstan» байқауының жеңімпазы анықталды
Республикалық байқау Астана әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтті. Бизнес-ханымдар өзінің жобасы туралы бейневизитка, эрудиция және шығармашылық номер сияқты үш кезеңде бақ таластырды.
Елімізде өнеркәсіп саласында бәсекеге қабілетті кадрлар дайындалады
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және оны жүзеге асыру бойынша инвесторлармен әріптестік орнату үшін Жол картасы қабылданды.
Өткен айда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңге қаржы аударылған
Жарналардың біраз бөлігі Астана және Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан түсуде.
Елімізде 442 мың адам жұмыссыз жүр
Бұл деректі Статистика комитеті келтірді, деп хабарлайды 24 kz.
«WorldSkills Kazakhstan» Чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Шеберлік чемпионаты жайлы өткен аптада хабарлаған болатынбыз. Жұмысшы кәсібінің мәртебесі мен техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттыруға бағытталған Чемпионатқа өңірлерден 400 конкурсант қатысты.
Алматыда мамандандырылған ХҚО саны артты
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қала әкімдігінің қолдауымен тағы екі мамандандырылған ХҚО ашты. Олар Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданы 347/2 және Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданы, Серіков к-сі, 6а мекенжайларында орналасқан, деп хабарлайды Qazir.kz мемлекеттік корппорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автожолдарға қатысты айтар көп
Көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелер аз емес. Өзіміз ел болып, етек жапқалы ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды толық жолға қойып үлгерген жоқпыз. Дегенмен, қу шөппен ауыз сүртуге тағы болмас. Бір іс басталса, екіншісі аяқталып, әу баста жобаланған іргелі жобалар ілгерілі-кейінді атқарылып жатыр. Солардың ішіндегі халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысына тікелей ықпал ететін автомобиль жолдарының жайын саралап көрсек.
20 желтоқсанда Астанада жастарға консультациялық көмек көрсетіледі
Қаланың тұрғындары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, кеңес ала алады.
Заря Жұманова: «Әдебиет – қазір жалпы көпке емес,талғамы нәзік, талабы жоғары дегдар топқа тиесілі»
«Сөз өнері дертпен тең».Туа-бітті сол «дертке» шалдыққандар қандай қиындықты бастан кешсе де, бәрібір жазбай тұра алмайды. Кейде өмір бойы иықтан түспейтін бір ауыр міндет арқалап жүргендей сезінемін. Қызмет пен отбасымыздың қым-қуыт тірліктерін атқара жүріп, «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Түнгі оттар», «Сіз іздеген әлем» атты кітаптарымды жаздым». Бұған дейін Qazir жазушы Заря Жұманованың біздің оқырмандарымызға ой тастаған түрлі тақырыптағы мақалалары мен әңгімелерін ұсынып келсе,бүгін оның шығармашылығы жайлы арнайы жазылған сұхбаттан таныса аласыздар.
Сіз кітап оқисыз ба?
Кітап оқисыз ба? Ия, бұл көпшілік ортада жиі қойылатын сұрақтардың бірі.Қазір кез- келген адамнан «Сіз кітап оқисыз ба?»,- деп сұрасаңыз көп жағдайда қолым тимейді немесе маған ұнайтын кітап жоқ деп жауап береді. Шындығында солай ма, қазір кімдер кітап оқиды,көп көңіліндегі сауалға жауап іздеп көрейік.
Анар Екімбаева: Біз киелі жерлердің тізімін ғана анықтап ұсындық,оны зерттеп-зерделеу жұмыстары жалғаса береді
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған күннен бастап еліміздегі киелі жерлердің , қасиетті нысандардың тізімі жасалып,олар жалпыұлттық және өңірлік нысандар ретінде бөлініп қарастырылғаны белгілі. Бүгінге дейін бірнеше топқа жіктелген 100 жалпыұлттық және 500-дей өңірлік нысандар тізімі анықталып,екі кітап жарық көрді. Орталықтың жүзеге асырып жатқан жұмыстары жайлы «Қасиетті география» сектор бөлімінің жетекшісі Анар Екімбаевамен сұхбаттан толық таныса аласыздар.
А.Бараев орталығының ғалымдары бидайдан 46,5 центнер өнім алды
А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы «Дамсинская 2017» сортынан 46,5 центнер өнім алды, деп хабарлайды Qazir.kz.
Биыл Астанада жастарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылады
Елорданың Жұмыспен қамту орталығында қызметтерді қашықтықтан көрсететін пунктердің саны арттырылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Маржан Қуанышқызы: Нарыққа сай тауар шығарып сату да оңай емес...
«Мен шығарылған өнімнің сапасы мен жасалу технологиясына жауаптымын , маркетологтар осы атауды «Оптима» сериясына лайық деп отыр. Бұл сату процесінің өзіндік ерекшелігіне орай қабылданған шешім. Тауарды сату да үлкен өнер , оның да өзіндік тәртіптерін ескермесең , нарыққа сай болмай қалуы әбден мүмкін.» Балалар киімін жууға арналған жаңа өнім жайлы Маржан Досмағамбетовамен сұхбаттан толық біле аласыздар.
Отандық өнім: «Оптима» ыдыс жуатын сұйықтық
Qazir.kz өткен аптада химик-технолог Маржан Қуанышқызы Досмағамбетовамен сұхбатында қазіргі кезде нарыққа сай тауар шығарып сату,отандық өнімдерге деген сұраныс жайлы сөз қозғаған еді. Сұхбат жарияланған күннен бастап 2 мыңнан аса қаралыммен оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Біз бүгін бұған дейін уәде еткеніміздей, Маржан Қуанышқызы өткен жылы өндіріске енгізіп,жақында ғана көпшілікке пайдалануға ұсынылған «Оптима» сериясы бойынша ыдыс жуатын сұйықтық жайлы кеңінен тоқталамыз.
Наурыз айында елордада заманауи коворкинг орталығы ашылады
Жобаны «Астана Innovations» АҚ Seedstars (Швейцария) Халықаралық бизнес-акселераторымен бірлесіп жүзеге асыруда, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ақпанның алғашқы аптасында Qazir оқырмандарына ой салған тақырыптар
Қыстың екі айы да артта қалып,ақпанның алғашқы аптасы сырғып өтіп барады. Qazir оқырмандарына аптаның әр дүйсенбісінде тұрақты түрде «Көне дүние күмбірі» айдары бойынша еліміздің жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енген киелі орындарды таныстырып келеді.
ЕҰУ IT мамандарын даярлаудағы халықаралық білім беру байланыстары
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 45 студенті оқуды аяқтағаннан кейін IT мамандығы бойынша екі диплом алып шығады. Екінші дипломды студенттерге Беларусь мемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университеті тапсырады, деп хабарлайды Qazir.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барокамерада қандай ауруларды емдеуге болады?
Барокамерадағы сеанстар шаршауды басады, кернеулі жұмыстан кейін күштерді қалпына келтіреді, бұлшық ет тонусын арттырады, күйзеліске қарсы, жалпы нығайтатын және сергітетін әсерге ие, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді.
Жас ғалымдарға стартап идеяларды нақты жобаларға енгізуге қолдау көрсетіледі
ЕҰУ мен БМАРУ арасында қос дипломды білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Сақтансаң сау боларсың...
Дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді.
ШАЛҚАР ҚАЛАСЫ
Бүгінгі «Шаһарларға саяхат» айдарында Ақтөбе облысына қарасты Шалқар қаласы жайлы мәліметтерді оқырман назарына ұсынамыз.
Елордада кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады
Мамыр айында толық форматты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы жоспарлануда.
Аналар алаңдамасын...
Көпті алаңдатқан көп балалы аналардың жағдайы өтіп бара жатқан аптада өткен жылда атқарған жұмыстарына есеп берген әкімдердің баяндамаларында кезек күттірмейтін мәселе ретінде баса көңіл бөлінді. Сонымен әкімдер бұған дейін шешімі күрделі болып келген істің түйінін қалай тарқатпақ?
Сан қырлы талант иесі
«Ері жеріне тартып туады», деп бекер айтпаған. Жүзіне жарқындық пен имандылық қатар қоныс тепкен Қайырбек Изатбекұлының үлгі тұтарлық адами қасиеттерінің қайнар бастауында қазақ елінің мемлекеттілігі үшін күрескен Алаш қозғалысының көшбасшылары Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақпаев, қазақ опера және театр өнерлерінің негізін қалаушылар, күміс көмей әншілер Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов сынды тұлғалар шоғырын дүниеге әкелген нұрлы да әсем Ақтоғай елінің тұрғанын айтқан жөн.» Алаш аманатына адалдықпен қарайтын,ұлттық өнердің жанашыры Қайырбек Сәдуақасов туралы «Жүректе қайрат болмаса» айдарында.
Жас түлектер ауылға бет бұрды
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлектері Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты «Шахтерское» ЖШС-ке барып, шаруа қожалығымен танысып қайтты,-деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.
Арман Кенжебек, Жезқазған университетіндегі "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі: "Жастар жылының жариялануы" - бізге үлкен мүмкіндік»
Жастар жылында Жезқазған шаһарында жақсы істер жолға қойылған. Жігерлі жастар ілім-білім,спорт пен еңбекті дамытуды нықтап қолға алған. Соның бірер сипаттары жайлы әңгімелейміз.
Нұрбек Сейітмағанбетов, «Самурай» каратэ орталығының директоры: Жастар жанына спортты серік етсе деймін
Жезқазғандық жастар арасында өз кәсібін ашып, шағын шаһардағы жас буынды спортқа баулуда өзіндік қолтаңбасы бар Нұрбек Бейсетұлымен Qazir тілшісі жолығып, сұхбаттасқан еді.
Ұлттық брендті пайдаланбай, ұлттық кәсіпкерлік дамымайды
Ұлттық тағамдарымыз-ұлттық брендіміз. Оны дамыту, пайдаға асыру, насихаттау арқылы біз еліміздің сәлт-дәстүрі мен мәдениетін өзгелерге танытамыз.
Біз бүгін тағамтану саласының кәсіби маманы, ұлттық тағамдарымызды ұлттық бренд ретінде әлемге насихаттау, таныту мәселесінің өзектілігі туралы айтып жүрген Астана қаласы Медицина университеті, профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы, «Ас-арқау» инновациялық жобасының жетекшісі Өнерхан Сансызбайұлымен сұхбаттасқан едік.
Абай Арыстанбекұлы, «Жас Отан» жастар қанаты Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы: Жақсы істің бастауында жастардың жүргені жөн
Жезқазған жастары жаңашылдықтың,жақсы идеялардың жанында ғана емес,қайырымдылықтың,қайырлы істердің басы-қасынан да табылады. Жасы ұлғайған,жалғызілікті қариялар жалын атқан жас қайрат қыз-жігіттердің қолдауына, демеуіне әрдайым зәру. Осы орайда жезқазғандық жасотандықтардың ізгі істері туралы сөз қозғаймыз.
ЕҰУ Times Higher Education рейтингісінде 301+тобына кірді
Еуразия ұлттық университеті Университеттердің БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесін бағалайтын Times Higher Education University Impact Rankings 2019 жаңа рейтингіне кірді.
Гүлшат Есетқызы, мануалды терапевт: Өзіңе сенсең ғана сырқатты жеңесің
«Жұмыс орнында таңертеңнен кешке дейін қозғалмай отыратын адамдар остеохондрозға жиі шалдығады. Бұл біздің елімізде ғана емес, дүние жүзінде 80 пайызға жуық адамда кездеседі. Мұндай сырқатқа шалдыққандар мануалды терапия арқылы емделе алады». Мануалды терапияның ерекшеліктері жайлы «CENTRAL CLINIC» ЖШС аурудың алдын алу және оны емдеу орталығының реабилитолог-дәрігері, мануалды терапевт Гүлшат Есетқызы Мұхтармен сұхбаттан біле аласыздар.
Социальная мастерская Green TAL запускает бесплатный курс для юных столяров
Курс предназначен для детей от 14 лет из малообеспеченных семей.
Маржан Қуанышқызы, химик-технолог : Қандай өнім шығарсам да, адам денсаулығын басты орынға қоямын
Qazir оқырмандарына нарықтың талабына сай әрі сапалы отандық өнім шығарып, тұтынушыларға ұсынып келе жатқан Маржан Досмағанбетованың есімі таныс. Бұған дейін де «Оптима» сериясымен шығарылған кір жуатын сұйықтық жайлы сұхбатты оқыған қаншама жандар өз тараптарынан қызығушылықтарын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын да жолдаған еді. Бүгін сіздерге тағы бір жаңа өнім жайлы таныстырамыз.
Сәдібек Түгел, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: Жастарды жағымпаздыққа емес, жасампаздыққа баулыған жөн
Биыл жастар жылы болып жарияланды. Біз жас буынның өздеріне сенімділік қалыптастырып, жаңашыл идеяларына жол ашылатын, әлеуметтік мәселелеріне назар аударылатын мүмкіндік берілгендігін ескере отырып, өзіндік айтар ойы бар жастар өкілдерімен бірнеше сұхбаттар жарияладық. Бүгін жастардың тәрбиесі мен қоғамдағы орны жайлы ҚР еңбегі сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелмен ашық әңгімемізді ұсынамыз.
Мажарстанда ғылыми экпедиция қорытындысы таныстырылды
Будапештте «Қазақстандағы мажарлар: тарихы мен бүгіні» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Мақсаты – Қазақстанға жасалған орнитологиялық экспедицияның қорытындысын көпшілікке таныстыру.
Қазығұртта қазақтың үш биіне арналған ескерткіш ашылады
Биыл Ұлы дала даналарының бірі Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдық мерейтойы. Осыған орай, 27 сәуірде ұлттың Ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болмақ.
Елордасында «Ұлттық өнім -2019» көрмесі өтеді
4-6 мамыр аралығында астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Даму» қорының қолдауын алған отандық кәсіпорындардың көрмесі өтеді.
Тәуелсіз елдің қаһармандары
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Осы мерекеге орай, біз Qazir оқырмандарын тәуелсіздік алғанымызға 28 жылға аяқ басқан кезеңде еліміздегі ең жоғары Мемлекеттік марапатқа ие болған «Халық Қаһармандары» жайлы мәліметтермен таныстырғанды жөн көрдік.
АБАЙ ҚАЛАСЫ
«Шаһарларға саяхат» айдарынан Қарағанды облысындағы Абай қаласы жайлы мәліметтермен таныса аласыздар.
11 желтоқсан – Дүниежүзілік бронх демікпесімен күресу күні
Бронх демікпесін бақылауға болады.