Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және оны жүзеге асыру бойынша инвесторлармен әріптестік орнату үшін Жол картасы қабылданды, деп хабарлайды enbek.gov.kz
Құжатқа ҚР «Атамекен»ҰК Палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов, шетелдіктер тарапынан Инвесторлар Кеңесінің еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жұмыс тобының қосарлас төрағасы Димитри Пропп және Қазақстан жағынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қол қойды.
Жол картасы үш бағытты көздейді: инвесторлармен әріптестік дамыту; педагогикалық кадрлардың сапасын көтеру және мазмұнын жаңарту; біліктілікті тану және дағдыларын сертификациялау жүйесін дамыту.
2019 жылдың қараша-наурыз айларына қарай құзырлы салалық орталықтардың қызметі туралы және APECPetroTechnic қағидасы бойынша әр аймақта үлгілі колледждер мен кәсіпорындардың базасында кем дегенде екі осындай орталық құру туралы типтік келісімді және тұжырымдаманы бекіту жоспарланған.
Пилотты түрде Алматы құрылыс-техникалық колледжі базасында КНАУФ компаниясымен бірге құрылыс саласына кадрлар дайындайтын құзырлы орталық құру жоспары бар. Мұндай орталықтар тау-кен металлургия саласында ERG компаниясымен Хромтау техникалық колледжі базасында, аграралық салада CLAAS компаниясымен, өндіріс және мұнай құбырлары сұрыптамаларын пайдалануда «ТМК» құбыр металлургия компаниясымен, металлургия және тау-кен өндіру саласында «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ, тау-кен – металлургия бойынша Полиметалл компаниясымен Лисаковск техникалық колледжі базасында құру көзделген.
2019 жылдың ақпан айында техникалық-кәсіптік білім алып жатқан студенттер арасында digital біліктілігін қолдана отырып ең үздік шешім қабылдау мүмкіндіктерін айқындау үшін идеялар бойынша хакатон-байқауын өткізу жоспары бар.
2019 жылдың наурыз-сәуір айларында Техникалық-кәсіптік білім алып жатқан студенттер үшін жұмыс берушілердегі бәсекелестік критерилері бойынша әртүрлі алдыңғы қатардағы компаниялардың HR-директорларын тарта отырып білім беру сессиясын өткізу жоспарланған.
2019 жылдың мамыр айына қарай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, білім және ғылым министрлігімен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп біліктілікті тану және дағдыларын сертификациялау тәртібін әзірлеп шығуды жоспарлап отыр.