Жанар Көбекбай: Америкада толассыз білім бұлағымен таныстым
Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында Qazir жолдаған сауалдарға АҚШ-тан әріптесіміз Жанар Көбекбай жауап береді. Сонымен мұхиттың арғы жағынан жолданған жазбаларды оқи отырып,ой түйіп көріңіздер...
Шетелдерде оқып жүр талай қазақ баласы...
Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат қаққан жастарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олардың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Бұл туралы бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында арнайы дайындалған журналистік зерттеу материалын ұсынамыз.
"Жырақта жүргендер" айдарының төрт кейіпкері
Qazir осыдан екі ай бұрын сәрсенбі күні ең алғашқы материалы ретінде «Жырақта жүргендер» айдарында бірнеше тілді меңгерген, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, еліміз бойынша Жапонияда экономика саласында магистратура бітірген алғашқы қазақ,бүгінде Гонконгта «КТЖ-Экспресс» компаниясының бас директоры болып қызмет атқарып жүрген Абдур-Рашид Сәкеновпен сұхбатты ұсынған болатын. Кейіпкеріміздің білімі мен біліктілігі,өзіндік көзқарасы мен жан-жақтылығынан болар,сол күннің өзінде-ақ ең көп көрсетілім санымен оқырмандар ілтипатына ие болды. Біз бүгін Qazir сайтына екі ай толған күні тұңғыш оқырманға жол тартқан айдардың оқырмандар тарапынан ең көп көрсетіліммен топ бастаған төрт кейіпкерінің сұхбатынан үзінді жариялауды жөн санадық...
Мұрат Ермиш: Швециядағы «қазақ ауылы» қазақ ұлтын танытып жүр
Біз Мұрат мырзамен Швеция қазақ мәдени орталығының үйінде кездестік.Еуропа қазақтарының бірі-бірімен аңсап көрісетін киелі орны – Швеция қазақ мәдени орталығының үйі. Бұл– қазақ меншігіндегі ғимарат. Күрделі жөндеуден өткен зәулім үй ішінен қазақтың иісі аңқып тұр. Қазақстаннан барған сый-сияпаттар, орталықтың жемісті жұмысын паш еткен түрлі марапаттаулар мен спорт ойындарының кубоктары – бәрі-бәрі осы жерден орын алған. Мұнда бізге, әсіресе, қазақ тілін үйретуге бейімделген бөлмелер ерекше ұнады. Орталықта тіл үйренуге қажеттіліктің бәрі бар. Яғни, Вестерос қазақтары өздерінің жас ұрпағын ана тілінің қадір-қасиетімен сусындата беру үшін қолдан келгендерінің бәрін жасап отыр. Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында орталық басшысы Мұрат Ермишпен сұхбатты ұсынып отырмыз.
Зерттеу мақала. «Диаспора» мәселесі қайтсе шешіледі?
Бүгінгі «Жырақта жүргендер» айдарында диаспора мәселесі жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Дәурен Ескекбаевтың зерттеу мақаласын ұсынамыз.
Елбасының батасын алған норвегиялық балалар бүгінде ұлтына қызмет етуді мақсат етеді
Еуропаның Скандинавия түбегіндегі Осло қаласында тұратын Махмұт Башташ есімі Қазақстан жұртшылығына көптен таныс. Себебі, ол кісі сондағы қазақ мәдени орталығын басқара жүріп, екі ел арасын байланыстырушы дәнекер болып жүрді. Баспасөз беттерінде де өз ойлары мен пікірлерін айтып, алыстағы қандастар жайын жеткізетін. Бүгінде Норвегияда Махмұт ағаның әулеті тамырын жайып, өсіп өнуде. Бұл туралы толығырақ «Жырақта жүргендер» айдарында.