С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы аумағындағы барлық кәсіптік білім беру орталықтары мен колледждердің басшылары келді, деп хабарлайды Qazir.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім беру ұйымдары басшыларының ҚазАТУ ға келуінің себебі, еліміздегі ең ірі аграрлық университетпен танысып, білім ордасының мүмкіндіктерін өз көздерімен көру болып отыр.
Мақсат - колледждерді бітіріп шыққан түлектердің кәсіптік білімін жетілдіру. Олардың жаңа сипатта заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау.
Бұл шараның ұйымдастырылуына себепкер болған ҚазАТУ Басқарма басшысының орынбасары Қайрат Айтуғанов .
Шара барысында қонақтар университеттің «Дәл егіншілік», «Қазақ- Беларус», ҒАЖ, Big Data орталықтарымен қоса түрлі зертханалар мен өндірістік цехтарды аралап көрді.
Бұл жерде қонақтар студенттердің қолынан шыққан тағам өнімдерінен бөлек жастардың ғылымдағы жетістіктеріне де көз жеткізді.
Сондай-ақ, ҚазАТУ дың бастамасымен қолға алынған кәсіптік стартап жобалармен де танысты. Атап айтар болсақ, арзан бағада құс етін мен ара балын өндіру жобалары келушілердің қызығушылығын туғызды.
Тараптар алдағы уақытта ҚазАТУ мен тығыз байланыста жұмыс істеп, жобаларды жан-жақты жетілдіре түсуге уағдаласты.