Біздің «Жүректе қайрат болмаса» айдарын ашқандағы мақсатымыз- қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін, жаңашыл идеялардың иесі , өркениет көшінде озық елдердің қатарында жүруде көшбасшы бола білетін жастарды іздеп табу және олардың өзіндік ұстанымдарын көпшілікке жеткізу болатын. Qazir бүгін сіздерге біздің осы талабымызға сай келетін, Ерқанат Нұрмахановтай зерделі жастың ой-толғамдарын алғаш жариялап отыр.
“Басқа елдің қажеті жоқ, көк күмбезді аспаны бар, бетегелі боз даламызды біз ешкімге, ешқашан бермейміз”
Тұмар ханшайым (Томирис)
Абай
Абай атамыздың керемет өмірлік формуласын ұстаған адам көптеген жетістіктерге жетеді. Ол формула ТА = А + Қ + Ж. Бұл жерде ТА дегеніміз Толық Адам, А - Ақыл, Қ - қайрат және Ж дегеніміз Жүрек. Яғни егер де адам өзінің бойында Ақылды, Қайратты және Жүректі бірдей ұстаса ол Өмірдің кілтін табады. Бұл тіршілікте сыйласып өмір сүргенге не жетсін?! Жүрек пен ақыл біріккен кезде адамды “саналы” деп айтуға болады. Саналы адам өмірінде әрбір затты рахаттанып жасайды. Ол өмірді шын сүйеді. Тек қана өз өмірін жақсартып қоймай, басқа адамдарды және қоршаған ортаны жақсартады. Ал оған тағы қайратты қосса, ол Толық Адам болып шығады. Міне қазіргі болып жатқан қаншама мотивациялық кітаптардың, түсіріліп жатқан кинолардың және өткізіліп жүрген тренингтардың молекуласын Абай атамыз бізге баяғыда айтып кеткен болатын.
Рухани жаңғыру
Әр елдің өзіндік бір ерекше қиын тарихи жолы болады. Қазақ халқы да көптеген қиыншылықтарды көрді, көптеген шапқыншылықтар кезеңінде тек бір ой, бір арман ғана болған еді. Ол біздің елді, бізді жерді аман алып қалу. Ол кезде даму туралы ойлауға еш шама болмаған еді, тек елді, кең байтақ жерді аман алып қалу, жауға бермеу. Соңғы тамшы қанмен болса да келешек ұрпақ үшін, болашақ үшін, яғни сіздер мен біздер үшін қорғап, сақтап қалу болған еді. Олар өз мақсаттарына жетті. Енді біздің мақсат келешек ұрпақ үшін барлық жағдай жасау, елімізді дамыту.Қазақстанды дамытып, ерекше жоғары сатыға көтеру үшін талантты жастарды іздеу керек. Қазіргі басымыздан өткеріп жатқан кезең - ол идеяның заманы. Уақыт тез зымырап өтуде. Біз дамуымыз керек деп отырғанда, басқа мемлекеттер де дамып отырады, олар бір орында тұрып бізді күтіп тұрмайды. Сондықтан, бізге екі-үш есе емес, n-есе жұмыс жасау керек және барлық салада. Яғни, технология, білім, киноиндустрия, музыка, өнер, мода, спорт барлығында-барлығында. Бізге қазір кванттық секіріс керек. Шын мәнісінде Барлығы мүмкін (Все возможно). Егер адам кез келген затты шын ниетімен қаласа - ол соның орындалуына барлық жағдай жасайды. Ал егерде, барлығын жасап көздеген мақсатына жетпесе, ол басқа нұсқаларды(варианты) іздеп табады. Себебі адамның потенциалы, ой-өрісі (воображенисы) шексіз. Егер адам шын мәнісінде “өзінің” ісімен айналысса ол шедеврды жасайды. Уақыт өте келе ол шеберлікке, өнерге айналады. Қазіргі кезде Қазақстанды алға қарай музыка саласын The Night тобы, киноматография саласын Нурди Лесбек сияқты талантты адамдар дамытып келеді. Қазақстанның келе жатқан жастарына Рухани, физикалық және интеллектуалды күш керек. Сезімі мықты, сезіммен бағыт ала алатын жастар прогрессивті жастар. Қазақстанды көтереміз!
Жетістік
“Адам өмірінің даму эволюциясы оның мақсаттарына байланысты.”
Қазіргі кезде Қазақстанда адамдардың көбісі жетістікке тез, лезде, қазір жеткісі келеді. Жетістік ол қаншама қателіктер мен нәтижесіз әрекеттердің қорытындысы. Егер де қолыңды қусырып құр отырмай, еңсеңді тіктеп алға ұмтылсаң көздеген мақсатыңа міндетті түрде жетесің. Қателіктер болып тұрады. Және оған шектен тыс мән берудің қажеті жоқ. Барлығы адамның өзіне байланысты. Адамның өткен өмірлік тәжірибесі және қабілеттілігі әрине маңызды. Адам ішкі ұмтылысымен қоса алдына мақсат қоя білуі тиіс. Қазір осы сәтте дәптер мен қалам алып өзіңнің 100 мақсатыңды жазып шық. Сен оларды көкірек көзіңмен көріп,сезіне алуың керек. Сенің табысқа жетуің сенімің мен нанымыңа тікелей байланысты. Жетістік ол сапалы мықты сенім-наным.Сенім керек. Сол кезде ғана сәттілік серік болып алға басып кетесің. Мақсатқа жете алмаудың басты себептерінің бірі ол табандылықтың(настойчивость) жетіспеушілігі. Егер өте қатты қаласаңыз,бар ойыңызды соған бағыттасаңыз тауды да орнынан жылжытуға болады. Барлығы адамға байланысты. Оның қайраттылығы, жігерлігі және әрекеттенуі. Әр істі бастауға ниет ету керек. Ниет дегеніміз ынталану мен әрекеттенудің қосындысы. Қазіргі кезде адамдар табыс пен жетістікке лезде, өте тез жеткісі келеді. Ол қателіктің бір түрі.
Тони Робинстың даму сатысы жеті қадамнан тұрады екен:
|
Ең бірінші өзіңді қандай сатыда тұрғаныңды анықтап алу керек. Сол сатыны толықтай қамтып алғаннан кейін ғана келесі сатыға көшу - ең нәтижелі жол болады. . Әрбір саты сені мықты және бақытты қылады. Біз білетіндей жолды “жүрген” адам ғана бағындырады.Басқалардан сенің қандай айырмашылығың бар? Өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды білесің бе? Басқалар жасай алмайтын қандай затты/жұмысты сен жасай аласың? Сондықтан жетістікке жеткен адамдарды зерттеу керек. Қалай өмір сүрді, немен айналысты, қандай оқиғалар болғанын, өзінің ісіне қалай, қандай жолмен келгенін. Қоршаған ортадан үйреніп көр. Азырақ сөйлеп, көбірек нақты әрекеттер жасауға тырысу керек. Әрбір ісің, сөзің, анық тура болған жөн. Қандай жұмыспен шұғылданбасаң да прогресс болу керек. Прогресс ол даму. Барлық қабілеттерді дамытып жүрген дұрыс. Бірақ адамның бойында бір ерекше қабілеті, қасиеті немесе өнері басқаларға қарағанда өте қатты алда болу керек. Уақытты үнемдеп тезірек жұмысқа кірісу керек. Жұмысты беріліп жоғары деңгейде жасаған жөн. Роберт Гилмор Летурно айтқандай ойдағы затты сол сәтте бастап кету керек, оны ертеңге не келесі аптаға, не сәті түскенге қалдырып қоюға болмайды. Егер сен сол идеяңды бастап кетпесең, оны міндетті түрде басқа біреу бастап кетеді. Нағыз мақсат саған күш береді, сені қанаттандырады. Сенің энергия көзің болып табылады.
Бәрі де өткінші
Кез-келген жағдайға екі түрлі оймен қараумен болады. Біріншісі ол негативке кіріп, сол жағдайды қазбалау, эмоционалды өзін-өзі төмен түсіру. Және екіншісі ол сол болған жағдайдан жаңа сабақ алып ары қарай жүру. Адам эмоциямен өмір сүреді. Және сол эмоцияларды басқара алса жаңа сатыға көтеріледі. Адам шындықпен өмір сүру керек. “Мен барлығын білемін, мен барлығынан күштімін, мықтымын, барлығын танып білдім!” ,- деген адам ақымақ. Өмір ол эволюция, өмір ол даму. Оның шегі жоқ. Қазір жазып отырған мен, немесе оқып отырған сен жоқ болып кетсек – бұл өмір еш өзгермейді. Күн шығыстан шығып, батысқа батады, өзен өз қалпымен ағады. Бұл жерде “Мен” деген маңыздылықты алып тастау керек. Бәріміз пендеміз, бүгін не ертең шексіздікке аттанармыз.
Ең бастысы ол сенің неге көбірек көңіл бөлуің. Бойыңыздағы жақсы қасиеттерге көбірек назар аударыңыз. Эмоционалды ауыр жүкті өзіңмен бірге ұзақ бойыңда ұстау өте қауіпті. Ешқашан өткен не келер шақта өкінішке салынбауға тырысыңыз. Өшпенділік, жек көрушілік, өкпелеу не ренжу. Саналы адамның бойында махаббат пен сүйіспеншілік сезімі молынан болады. Ол сезім қоршаған ортаға, табиғатқа, білімге, қарым-қатынасқа, өмірге, мамандыққа болады. Бұндай адамдар басқаша: олар қиындықты басқаша қабылдайды. Кездескен қиындық оларды қанаттандырады, шыдамдылығын тексереді. Олардың түсінігінше кез келген қиындықтың соңы болады. Ондай адамдар әрқашан әрекетке қимыл-қозғалысқа дайын тұрады – олар игілік пен нұрдың жауынгері. Ондай адамдар барлық қалада, барлық жерде болады. Саналы адам кез-келген соққыға төзімді болу керек. Сәтсіздік ол өмірдің ең жақсы мұғалімі. Өзіңнің қорқынышыңды бағындыруды уйрену керек. Себебі қорқыныш сені шектейді. Қандай ойды баста ұстап жүрсеңіз, соның орындалуының мүмкіншілігі артады. Сәттілік пе әлде сәтсіздік пе, сіз сол ой арқылы соған энергия жұмсаудасыз. Сондықтан да әрқашан жақсы зат ойлап, жақсы сөз айтып жүрген жөн. Егер адам болып өткен сәтке үлкен маңыздылық берсе, сол нәрсе ойды алып кетеді.Сәтсіздікті ойлау сіздің мүмкіншіліктеріңізді шектейді. Шын мәнісінде ақыл-ойдың дамуы қиындық туған кезде басталады.
Ментор
Егер сен үлкен жетістікке жетіп, тез дамығың келсе саған ұстаз керек. Сенің барлық жағыңды білетін және көріп, сезіп тұратын. ОЛ сенің мүмкіндігіңді аша алады, сенің ой-өрісіңді кеңейтеді. Биіктерге жетелейді. Заттардың тобықтай түйінін түсінуге мүмкіндік береді. Ондай адам мәселені, шешімді және мүмкіншіліктерді анық көреді.Ақты ақ деп, қараны қара деп сені бағыттайды.
Менің ең бірінші менторым ол менің Гүлтас апайым! Құрманбай Гүлтас Сайынқызы - ол әсем табиғат пен әуезді гармония, шуақ шашып тұратын күннің көзі, шексіз энергия, аңыз адам. Апай маған бұл өмірге басқаша қарауды үйретті. Апай бұл өмірде Ақыл, Қайрат және Жүректі бірдей ұстап жүретін өте сирек кездесетін адамдардың бірі.
Екінші менторым ол Тони Ноблс. Тони тек миллионер ғана емес, ол формула 1 автожарысының жүлдегері, 40-тан астам патенттің иесі, өте шапшаң, өте тез ойлап тез шешім қабылдайтын, алты баланың сүйікті әкесі.Тони өмір бойы адамдар “мүмкін емес!” деген заттарын шындыққа, ақиқатқа алып келетін ерекше тұлға.
Және менің ең сүйікті ақылшым, данам ол менің Анам! Мен сізді өте қатты жақсы көремін. Анам мені жеке жауапкершілікке, тазалыққа,мейірімділікке, шыдамдылыққа,проактивті болуға, яғни іс-әрекетсіз отырмауға үйреткен. Саян Кәрімтайқызы Қазақстанның ең мықты логопедтерінің бірі.
Челлендж
Челлендж – сенің максималды қабілеттеріңді сынайды, сенің шекті қабілеттеріңді кеңейтеді, арттырады. Бұлшық еттер берілген жұмыс мөлшеріне шамасы келмегенде ғана өседі. Челлендж ол сенің мақтанышың, жетістігің. Өзіңнің жетістіктеріңмен қуана білу керек. Челлендж сенің өзіңе қызықты болған кезде, көп заттарды түсіне бастайсың. Бірақ сонда дачеллендж сені қорқытады, негізінде онда қорқыныш көбірек болады. Қорқыныш үлкен энергияның түрі, оны дұрыс бағыттау керек. Себебі негізгі мақсат ол – БАРЛЫҒЫНАН мықты, күшті болу емес, негізгі мақсат ол кешегі күннен, айдан, жылдан жақсырақ болу. Себебі жылдап жасалған тәжірибелер мен челлендждар нағыз көшбасшыларды тудырады.
Сезім
Адамның ішінде еркіндік,бостандық сезімі болу керек. Кез-келген сәтте ақылды тәуекелге бара алатындай ішкі дауыстың иесі сезім деп аталатын шығар. Ішкі дауыс не айтып тұр? Бұл шын мәнінде жүректің дауысы ма? Әлде басқа ма? Бұл әлем ол сенің айнаң. Сенің ойыңның, ішкі дүниеңнің айнасы.Егер адам сезіп тұрса, сол арманға, сол мақсатқа ұмтылу керек. Себебі сезім - ол адамның ішкі жан дүниесі, адамның өзі.Біздің білетініміз шектеулі, біздің білмейтініміз шексіз. Адамның жаны жаңа саяхат жасағанда оянады. Беймәлім белгісіздікке қадам жасаған кезде бұл әлем құпиялы жерлерге, тылсым заттарға, өте мейірімді адамдарға және ғажайып сезімдерге толы екенін көресіз! Оның барлығын өз көзімен көріп, өз бойымен сезіну керек. Бұл өмірдің бір кереметі осы емес пе?! Өзіңді сүйе алу керек. Өзіңді сүю -ол өзіңнің ерекшелігіңді түсіну және өзіңді барлық кемшіліктеріңмен бірге қабылдай алу.
Тіл
“Тіл — жұрттың жаны.
Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.”
Халел Досмұхамедұлымен толықтай келісемін.
Өзім туралы
Мен Нұрмаханов Ерқанат, Балхаш қаласының №2 Абай мектебінде, кейіннен Астана қаласының №59 мектебінде оқып, Назарбаев Зияткерлік мектебін 2010 жылы бітірдім. Сол жылы Назарбаев Университетіне түсіп, “Робототехника және Мехатроника” мамандығын 2015 жылы аяқтадым. Қазір Хартститч компаниясында зерттеу және дамыту инженері болып жұмыс істеймін. Арманы көп, тоқтауы жоқ қазақтың қарапайым баласымын. Бізге берілген әрбір күн – өмірдің ең керемет сыйы. Сол сыйдың қадірін ұғынып,уақытымызды, бір-бірімізді бағалай білейік!