Жуырда асқақ өнерді бағалаушы қауым үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі онлайн режимде Ж.Бизенің «Кармен» операсынан увертюраны орындады. Тыңдармандарға деген құрмет пен ілтипаттың белгісіндей болған сүйікті орындаушылардың өнерін театрдың YouTube арнасы мен әлеуметтік желілерінен көрген көрермендер өз ісінің хас шеберлерінің өнерін тамашалаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды деп, хабарлайды Qazir.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дирижер Абзал Мұхитдиннің айтуынша, осынауқиын-қыстау кезеңде «Астана Опера» өзінің тыңдармандарымен, көрермендерімен бірге. Біз біргеміз – осы флэшмоб арқылы әріптестері үшін өте қымбат, жаңа кездесуді асыға күтетін, көрермен мен тыңдармансыз өнерлерінің мәні жоқ екенін айта келе, қолдау көрсетеді. Театр ұжымының жолдауы – адамдарға бәрі де жақсы болады деген үміт беру, классикалық музыканы сүйіп тыңдаушыларға жылы лебіз білдіру. Бұл орындаудың карантин жағдайындағы қызықты тәжірибенің бірі болғаны сөзсіз.
Жобаға барлығы 100 шақты музыкант қатысты, олардың дайындық үрдісі бірнеше күнге созылған. Аспапшылардың айтуынша, әртістердің әрқайсысы жеке-дара дайындалған.
«Астана Опера» симфониялық оркестрінің флейта тобының концертмейстрі Алексей Косырев жұмыстың мұндай тәсілінің кейбір техникалық қиындықтарды туғызғанын, бірақ, сөзсіз, шығармашылық шаттық сыйлағанын атап өтті.
Сонымен қоса, Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады жобасы аясында опера және балет өнерінің жанкүйерлері үйлерінен шықпай-ақ өздері үшін «Астана Операның» интернет-жобаларын таңдап әрі олардың толыққанды қатысушылары бола алады.
Елордалық сахнаның танымал әртістері «Сауалыңды жолда» айдарында әңгіме-дүкен құруға шақырады. Аталған жоба 8 сәуірден басталды, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Жұлдызбен тікелей эфирде жүздесу мүмкіндігіне ие болу үшін, «Астана Операның» инстаграм әлеуметтік желісіне кіріп, театр парақшасында сүйікті орындаушыңызға сауал қалдыру қажет. Карантин кезеңінде Талғат Мұсабаев, Гаухар Усина, Бақтияр Адамжан, Салтанат Ахметова және т.б. өздерінің шығармашылық сырларымен бөліспек. Еске салар болсақ, бұдан бұрын аталмыш жоба бейнеформатта жүргізілген болатын, ал енді солистермен нақты уақыт режимінде жанды сұхбат құру мүмкін болып отыр.
Ұлттық опера өнерін құп көретіндер үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жоба әзірленді. «Астана Операның» әйгілі әншілері жақын арада осынау аңызға айналған операдан үзінділерді өз үйлерінен шырқамақ, алайда, технологиялардың арқасында бейнеде олардың бәрі бір жердегідей көрінетін болады.
Бұдан бөлек, ұлттық топтамаға М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан «Мереке биі» енген, ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» театрының хор және симфониялық оркестр әртістерінің орындалуында шырқалады.
Театр әкімшілігі «Астана Опера» әлеуметтік желідегі парақшаларында қолжетімді болатын онлайн-репуртуарға қандай спектакльдер енгенін бірінші болып білуге болатынын айта кетті.
Фото: ашық ақпарат көзінен.